ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

ДІНИ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ДЕТЕРМИНАНТТАРЫ (Д.В. ПИВОВАРОВТЫҢ СЕНІМ КОНЦЕПЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Том 85 № 1 (2024), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада философияның ойлау тарихындағы және қазіргі кездегі сенімнің түрлері, сенім мен білімнің сәйкестілігі жеке тұлғаның сыртқы және ішкі сенім көріністері ретінде қарастырылады. Авторлар орыс зерттеушісі, ғалым, философ Д.И.Пивоваровтың белгілі тұжырымдамасы арқылы сенім мен білімді жеке тұлғаның ішкі және сыртқы детерминанттардың көрінісі ретінде түсіну мәселесін қарастырады. Сенім ұғымын нақтылау үшін Ресей ойшылы осы терминді ағылшын тілінде екі сөзбен белгілеу дәстүріне негізденіп екі түрлі анықтама енгізеді: faith-сенім және belief-сенім.

Мақаланың авторлары Пивоваровтың идеяларын дамыта отырып, сенімнің екі түрін діни дүниетанымның ішкі және сыртқы детерминанты ретінде ажыратуды ұсынады. Сенімнің бірінші түрі - faith-сенім  - туғаннан берілген ішкі интуитивті білім деп анықталады.   Сенімнің екінші түрі -  belief-сенім - бұл жанама жол, сенсорлық тәжірибе, Қасиетті кітапқа, сөзге сенім деп белгілеуге болады. Батыс Еуропа философиясы мен араб-мұсылман философиясы тарихына сүйене отырып, авторлар діни дүниетанымдағы сенімнің екі түрінің арақатынасы тарихта қалай өзгергенін көрсетеді. Авторлары діндегі ортодоксалды, фундаменталды бағыттары belief-сенімді күшейтуге бейімделінеді, ал мистикалық және эзотерикалық тенденциялар -  faith-сенімді нығайтуға көп көңіл бөледі деген тұжырымға келеді. 

Д.И. Пивоваровтың тұжырымдамасына сүйене отырып, автор belief-сенімді    faith-сенімді жеке адамның дүниетанымының ішкі және сыртқы детерминанты ретінде қарастырылуы мүмкін деп санайды.

Түйінді сөздер: сенім, білім, дін, сопылық, парасат.