ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Том 73 № 1 (2021), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 73 № 1 (2021)
2021-03-25

Авторлар

  • Нұрмүратов Серік Есентайұлы ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты http://orcid.org/0000-0003-2038-3056
  • Құрманғалиева Ғали Құрманғалиевна ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты https://orcid.org/0000-0001-6870-0239

Аңдатпа

 Ғылыми мақалада қазіргі қазақстандық қоғамдағы руха­ни құндылықтардың рөлі мен маңызы ашылып көрсетіледі. Осы күрделі тақырыпқа ҚР БҒМ ҒК ИФПР «Қазақстанның тұрақты дамуы жағдайындағы қоғамның мәдениеті мен құндылықтарын зерттеу» жаңа ғылыми бағдарла- масы арналған және өзінің алдына қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында әлеуметтік-мәдени, саяси, дүниетанымдық алғышарттарды, мәдениет пен құндылықтардың даму факторлары мен шарттарын кешенді зерттеуді және Қазақстанның тұрақты дамуы контексінде мәдениет элементтерін, рухани-адамгершілік және саяси құндылықтарды институ­ционализациялау мәселелері бойынша тәжірибеде қолдануға бағытталған ұсынымдарды әзірлеуді алдына мақсат етіп қояды. Қазақстан қоғамын жаңғыртудың мәдени және құндылық негіздерін, оның жаңа цифрлық жағдайдағы тұрақты дамуын философиялық негіздеу әзірленуі және жүзеге асырылуын; дамудың типі мен деңгейі айқындалуы, құрылымы мен негізгі элементтеріне талдау жүргізілуін, республика халқының саяси мәдениетін трансформациялаудың үрдістері мен сипаты анықталуын; тұрақты даму тұжырымдамасы контексінде діни құндылықтардың мазмұны мен маңызының теориялық-әдіснамалық негіздемесі жүзеге асырылуын зерттеулерге баса на­зар аударылып, оларға ғылыми талдаулар жасалатыны айтылады.

Түйін сөздер: қоғам, мемлекет, руханилық, тарих, мәдениет, дүниетаным, жаңғыру, ұлт, құндылық, өркениет, этнос.