Мақаланы жариялау шарттары
Мақаланы жариялау шарттары
«Әл-Фараби» әлеуметтану және гуманитарлық ғылымдар журналына жариялау үшін бұрын басылымда жарияланбаған, авторлық сипатқа ие мақалалар қабылданады. Журналға мақалалар тек журналдың тақырыптық бағытына сай, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған және журналдың талаптарына сәйкес рәсімделген болуы тиіс (Қараңыз: Авторларға арналған нұсқаулық).
Мақала автор(лар)ы тарапынан журналдың веб-сайтына жүктелуі тиіс, мұнда автордың толық аты-жөні, ел мен қала атауы, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетіледі. Егер мақалаға бірнеше автор қатысса, негізгі автор бірінші болып көрсетіледі, ал корреспонденция үшін жауапты автор (*) белгісімен белгіленеді. Мақала жеке автор немесе бірнеше автор тарапынан ұсынылған жағдайда, бір күнтізбелік жыл ішінде тек бір рет жариялануы мүмкін.
Авторлар жариялауға тек түпнұсқа мақалалар ұсынуы тиіс, олар плагиаттан және өз плагиатынан таза болуы қажет. Сондай-ақ, авторлар келтірілген деректер мен фактілердің дұрыстығына, алынған нәтижелердің жаңашылдығына және дәлелдемелік негіздеріне жауапты.
Журналға мақала ұсынған кезде автор Ілеспе хат (сопроводительное письмо) арқылы мақаланың түпнұсқа екенін, оны бұрын баспа, электрондық және басқа ашық көздерде жарияламағанын және болашақта басқа басылымдарға ұсынбауға міндеттенетінін растайды.
Редакция және авторлар мен рецензенттер арасындағы коммуникация мақала жариялау мақсатында электрондық платформа арқылы жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда – электрондық пошта арқылы. Мақалалардың редакция тарапынан қаралу процесі, рецензиялау ұйымдастырылуы, жариялау/жарияламау туралы шешім қабылдануы үш ай ішінде сайтта тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
Алғашқы кезеңде мақала журналдың ғылыми мақаланы рәсімдеу ережелеріне сәйкес келетіндігі (Қараңыз: Авторларға арналған нұсқаулық) және плагиатқа тексерілуі тиіс.
Плагиат және оның алдын алу
«Әл-Фараби» журналының редакциясына мақала келіп түскен кезде, мақаланың мәтінінде плагиаттың бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүргізіледі. Журналда StrikePlagiarism.com (https://strikeplagiarism.com) антиплагиат жүйесіне жазылым арқылы қолжетімділік бар.
Мәтіндегі авторлық құқықты көрсете отырып алынбаған мәтіндер, басқа авторлардың тезистері мен тұжырымдары, сілтемелерсіз келтірілген (яғни, плагиат) редакциялық алқамен ғылыми этика кодексін бұзу, сондай-ақ интеллектуалды меншік құқықтарын бұзу ретінде қарастырылады. Плагиат журналдың редакциялық саясатына қайшы келеді.
Журналдың редакциялық алқасы және мақаланы жариялауға дайындауға қатысатын барлық адамдар ғылыми жариялау этикасы принциптерін және нормаларын сақтау бойынша міндеттерін өз мойнына алады, бұл ретте олар Институттың философия, саясаттану және дінтану саласындағы ғылыми жұмыстарға қатысты құжаттарды басшылыққа алады.
Жариялауға өтінім беру процедурасының келесі кезеңіне тек мәтіннің түпнұсқалығы 75%-дан кем емес мақалалар жіберіледі. Бұл норма асып кеткен жағдайда, мақала қабылданбайды, авторға мақаланың қабылданбауының себебі туралы хабарлама жіберіледі. Автор мақалада түзетулер мен өзгерістер енгізіп, оны журналдың электрондық платформасы арқылы қайта ұсынуға құқылы.
Егер журналда жарияланған мақалада плагиат анықталса, мақала журналдың ағымдағы нөмірінен алынып тасталып, ресми сайтынан өшіріледі, бұл туралы оқырмандарға келесі нөмірде хабарланады. Автор (авторлар) мақаланы журналға қайта ұсынуға үш жыл бойы тыйым салынады.