Әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер журналы
Әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер журналы
Том 89 № 4 (2025) Әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер журналы

«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық-саяси және рухани-танымдық өзекті әрі пікірталас тудыратын мәселелерін қамтиды. 

Мерзімді басылымды және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік №13403-Ж, 2013 жылғы 22 ақпан. 

 ISSN 1999-5911.

Журнал 2003 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институымен шығарылады. 

 Жазылу индексі – 74671. 

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның  (ҰМҒТСО) қазақстандық базасында индекстеледі. 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті философия ғылымдары бойынша және Өзбекстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясы тарапынан 09.00.00 – Фәлсафа фанлари мамандығы бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға ұсынылған. 

Жарнамалар

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Құрметті авторлар!
Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК басқа да ақылы қызметтер құнының прейскуранты жаңартылды. Журнал редакциясы жариялауға қабылдаған бір мақаланың құны 60 000 (алпыс мың) теңгені құрайды.
Сонымен қатар, журнал жүйесінде мақаланы тіркеу және беру кезінде авторлар плагиатқа тексерудің лицензиялық жүйесін сатып алуға, рецензенттердің еңбегіне ақы төлеуге және журналдардың редакциясына баспагердің шығыстарын жабу үшін 10 000 (он мың) теңге жарна  төлейді. Журнал редакциясы мақаланы қабылдамаған жағдайда, сома қайтаруға жатпайды. Мақала журналдың формальды талаптарына сәйкестігін қарау және рецензиялау нәтижелері бойынша түзетілгеннен кейін қайта жіберілген жағдайда, авторлар мақала құнының 10 000 теңгесін  қайтадан енгізуге тиіс.

Журнал редакциясы шетелдік авторлар үшін жеңілдіктер ұсынады. Егер мақала авторларының бәрі өзге мемлекеттердің азаматы болса, қолжазбаларды өңдеу үшін төлем алынбайды. Бұл шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуды, шетелдік зерттеушілердің ғылыми қызметіне оңтайлы жағдай жасауды және олардың жариялау белсенділігін жоғарылатуды көздейді. Егер мақала шетелдік және қазақстандық авторлардың бірігуімен дайындалса, онда төлем есебі қолжазбаны өңдегені үшін төлемнен босатылған және бекітілген тариф кімдерге тиесілі, соған байланысты авторлар санына  теңдей бөліну арқылы жүзеге асырылады. 


Қосымша…