Журналдың редакциялық саясаты
«Әл-Фараби» – кәсіби аудиторияға арналған мерзімді басылым.
Басылым 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты тарапынан шығарылып келеді.
Журнал зерттеуші ғалымдардың, жоғары оқу орындары мен колледждердің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ философиялық, саясаттанулық және әлеуметтік-гуманитарлық білімді кең оқырмандар арасында таратуға ғылыми қолдау көрсетеді.
Басылымның негізін қалаушы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институты.
Журнал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми-жарияланымдық қызметті жүзеге асырады. Оның мұқабасы, титулдық беттері, мерзімді басылым ретінде есепке алу куәлігі, негізін қалаушысы, ISSN, жазылу индексі, нөмірдің шығу мәліметтері, редакциялық алқа құрамы, халықаралық редакциялық кеңес және веб-сайты көрсетілген мазмұны бекітілген.
Журналда жарияланған мақалалар CrossRef деректер базасында тіркеледі және әр мақалаға DOI – сандық нысан идентификаторы беріледі, ол құжаттарды дәйексөзге алу, сілтеме жасау және электрондық құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Қазақстандық дәйексөздер базасында (ҰМҒТСО) индекстеледі.
Басылым Өзбекстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясы тарапынан 09.00.00 – Фәлсафа фанлари мамандығы бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға ұсынылған (Қараңыз: Өзбекстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясы Президиумының қаулысымен бекітілген диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізімі. – Ташкент, 2019. – 79-бет. Сілтеме: [http://www.salohiyat.oak.uz/userfiles/files/Perechen-2019.pdf](http://www.salohiyat.oak.uz/userfiles/files/Perechen-2019.pdf)).
Журналдың редакциялық алқасы мен халықаралық редакциялық кеңесіне танымал және беделді қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.
Журналдың редакциялық саясатын жоғары кәсіби деңгейдегі халықаралық редакциялық алқаға сүйене отырып бас редактор қалыптастырады. Сарапшылардың алдын ала рецензиясынан өткен барлық мақалалар редакциялық алқаның талқылауынан өтеді. Журналда әртүрлі ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының танымал ғалымдарының мақалалары жарияланады, сондай-ақ болашағы зор жас авторлардың еңбектері құпталады.
Журналдың мақсаты
«Әл-Фараби» журналының басты мақсаты – қазақстандық ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық интеллектуалдық капиталын дамытуға және оның әлеуметтік маңыздылығын арттыруға ықпал ету.
Журналдың міндеттері
Журнал дәстүрлі философиялық пәндер саласындағы зерттеулердің нәтижелерін, атап айтқанда онтология, эпистемология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия, философия тарихы, мәдениет философиясы, саясат философиясы, сондай-ақ, философия мен білімнің басқа салалары — дінтану, мәдениеттану, саясаттану және жаратылыстану ғылымдарының тоғысындағы пәнаралық мәселелерге арналған еңбектерді жариялауға бағытталған. Журнал философия және ғылым философиясы салаларындағы іргелі әрі өзекті зерттеулерді жариялауды мақсат етеді.
Журналдың тақырыптық бағыттары
Журнал келесі тақырыптық бағыттар бойынша ғылыми-публикациялық қызметті жүзеге асырады:
-
Қазіргі заман және тарихи ретроспективадағы философия
-
Әл-Фараби мұрасы: аудармалар мен зерттеулер
-
Тұлға. Руханият және адам өмірінің құндылықтары
-
Қазіргі қоғам: Бірегейлік. Жаңғыру. Болашақ
-
Мәдениет: құндылықтар және мәдениетаралық коммуникация
-
Қазақстандық философия: зерттеушілердің шығармашылық зертханасы
-
Өткен және қазіргі социомәдени контексттердегі дін
-
Саясат және жаһандық үдерістер
Еркін қолжетімділік және материалдарды мұрағаттау саясаты
«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы өзінің контентіне ресми веб-сайтында ашық қолжетімділікті ұсынады. Веб-сайттың мекенжайы: https://alfarabijournal.org/ Сайттағы барлық ақпарат үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі, бұл сайт мазмұнына тек қазақстандық қана емес, сондай-ақ шетелдік ғалымдар мен оқырмандар үшін де ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сайтта журналдың редакциялық саясаты, мақсаты мен тақырыптық бағыттары, мақалаларды жариялау шарттары, рецензиялау саясаты, жарияланым этикасы, редакциялық алқа мен халықаралық редакциялық кеңестің құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ сайт қонақтарын қызықтыратын басқа да мәліметтер орналастырылған. Авторлар мен оқырмандар журналдың ағымдағы нөмірінің электронды нұсқаларымен, сондай-ақ журналдың өткен жылдардағы нөмірлерінің мұрағатымен таныса алады. Журналдың барлық электрондық басылымдары тегін таратылады.
Құпиялылық шарттары
Авторлар туралы деректер журналдың «Біздің авторлар» айдарында жарияланады. Олар келесі мәліметтерді қамтиды: аты-жөні, жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі және атағы. Журналдың редакциялық алқасы рецензенттерге мақаланың авторы (авторлары) туралы және авторға (авторларға) рецензенттер туралы мәліметтерді жария етпеу құпиялығын сақтайды. Сондай-ақ қаралып жатқан мақалалар туралы үшінші тұлғаларға ақпарат берілмейді.
Шығу жиілігі
Журнал жылына 4 рет шығады. Басылымның тілі – қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Жарияланған материалдар редакциялық алқаның көзқарасын міндетті түрде білдірмейді. Редакция сапалы мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады және ұсынылған материалдардағы ақпараттың шынайылығы үшін жауапкершілік алмайды.
Жарияланым ақысы
Жариялауға мақұлданған мақала авторлары ғылыми журналдарда жарияланым үшін бекітілген баға прейскурантымен жарияланғаны үшін, сондай-ақ мақала авторларын CrossRef деректер базасында тіркегені үшін ақы төлеуі тиіс. Бекітілген баға прейскурантына сәйкес: мақаланы журналда жариялау үшін - 10 000 теңге, мақалаға DOI тағайындау үшін - 2000 теңге, әр авторды CrossRef мәліметтер базасында тіркеу үшін - 2000 теңге.
Жарияланым үшін ақы төленгені туралы түбіртекті автор PDF форматында журнал редакциясының электрондық пошта мекенжайына жібереді.
Журналдың редакциялық саясаты «Әл-Фараби» журналының редакциялық алқасының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы отырысында талқыланып, бекітілді. №5 хаттама, 2020 жыл.





