РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

«ЗАМАНЫМЫЗДА БОЛҒАН ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ҒҰМЫР ТАРИХТАРЫ» АТТЫ ЕҢБЕКТЕГІ СОПЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ: Мәзһаб ұстану қажеттігі

Том 87 № 3 (2024), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Том 87 № 3 (2024)
2024-09-29

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Оқан, С., Бағашаров, Қ., & Шадекулы, Н. (2024). «ЗАМАНЫМЫЗДА БОЛҒАН ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ҒҰМЫР ТАРИХТАРЫ» АТТЫ ЕҢБЕКТЕГІ СОПЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ: Мәзһаб ұстану қажеттігі. Аль-Фараби, 87(3), 110–121. https://doi.org/10.48010/2024.3/1999-5911.10
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Бұл мақалада көрнекті қоғам және дін қайраткері, аудармашы, ақын Сәдуақас қажы Ғылманидың «Заманымызда болған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» атты еңбегіндегі кейбір діни пайымдар мен түсініктер талданады. Аталған еңбекте XIX-XX ғғ. өмір сүрген ғұламалардың фиқһта Ханафи мәзһабын, сенімде Матуриди жолын ұстанғандығы медреселерде оқытылған еңбектер мен пәтуа берген кітаптар арқылы дәлелденіп көрсетілген. Бұған қоса, сол заманда дін мамандары арасында талас-тартыс тудырған кейбір сопылық мәселелер қамтылған. С. Ғылмани «Мұхаммед пайғамбарға не үшін салауат айтамыз?», «Имам Әбу Ханифа пірге қол берген бе?»  және «Қайтыс болған адам тірілерге жәрдем ете ала ма?» деген секілді теологиялық мәселелерге берілген жауаптарды салмақтап, өзіндік дәлел-дәйектерімен түсіндірме жасайды. Әруақтар желеп-жебей ала ма, пірге қол беру міндетті ме, пайғамбарға салауат айту секілді мәселелер қазіргі қазақ қоғамы үшін де өзектілігін сақтап келе жатқан тақырыптар. Сәдуақас қажы Ғылмани «Біз әр пайғамбарды қауымына ақиқатты ашып түсіндірсін деп, тек өз қауымының тілінде сөйлейтін етіп жібердік» деген аятқа түсіндірме бергенде, дін адамдарын үшке бөліп қарастырады: астамдыққа не нұқсандыққа барғандар және орташа қалыптан таймағандар. Өзі соңғысын жөн көрген. Әрі аталмыш аяттың тәпсірі негізінде әр халықтың өз әдет-ғұрпы, өмір сүру салты барын басты назарға алып, дінде әдеп иесі болуды және орта қалыптан ауытқымауды насихаттаған.

Осы себепті мақалада авторлар С. Ғылмани түсіндірмесін бүгінгі күн тұрғысынан таразылап, теологиялық негіздерін нықтайды. Көтерілген мәселелерді қазіргі уақыт тұрғысынан қайта бағамдап, маңызды қырларын ашып көрсетіп, берілген жауаптарды оқырманға түсінікті етіп толықтыра түседі.