РЕЛИГИЯ В СОЦИОКУЛЬТУРНЫХ КОНТЕКСТАХ ПРОШЛОГО И НАСТОЯЩЕГО

МӘХДИ ФЕНОМЕНІ

Том 85 № 1 (2024), РЕЛИГИЯ В СОЦИОКУЛЬТУРНЫХ КОНТЕКСТАХ ПРОШЛОГО И НАСТОЯЩЕГО
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

  • Фэриде Камалова Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави
  • Нағима Байтенова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-7353-0457
  • Бауыржан Сайфунов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0001-8707-7075

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Камалова, Ф., Байтенова, Н. ., & Сайфунов, Б. . (2024). МӘХДИ ФЕНОМЕНІ. Аль-Фараби, 85(1), 134–149. https://doi.org/10.48010/2024.1/1999-5911.11

Аңдатпа

Мақала әр заманда қоғамда қызу резонанс тудырып келген Мәхди феномені хақында. Заман ақырға таяғанда «әлемде әділдік орнатады» делінетін құтқарушы мағынасындағы Мәсіх және Мәхди сенімі жалғыз ислам мәдениетінде ғана емес, бұл сенімнің иләһи діндерден басқа да көптеген діндерде, әсіресе иудаизм діні мен христиан дінінде де ерекше орны бар. Жер жүзіндегі мәдениеттер тұтастай өзіндік саф ерекшеліктерге ие болмайтыны сияқты, әлемдегі діндер де өміршеңдік кезеңінде басқа діндердің сенімдерінен әсерленетіні табиғи құбылыс. Бұдан түсінетініміз мейлі діни, мейлі мәдени болсын кез-келген құндылықтар қоғамда рухани бостық туған сәтте сол бостық сол кеңістіктің төл құндылықтарымен толмайтын болса, онда оның импорт өнімдермен толатынын тарихи тәжірибе көрсетуде. Мақалада тарихи кезеңдердегі діни сенім нәтижесінде пайда болған «болашақта адамзатты әділетсіздік пен дінсіздіктен құтқарады» делінетін Мәхди түсінігінің шығу себептеріне теологиялық талдау жасалады. Сондай-ақ бастауын Исламнан бұрынғы сан-қилы сенімдерден алатын, мұсылмандық үшін импорт құндылық саналатын бұл тенденция Ислам дінінің бірінші қайнар көзі негізінде салыстырмалы анализ әдісі қолданыла отырып зерделенеді. Мақалада Мәхди сенімі діни реңге бүрінген саяси құрал ретінде тұжырымдалады.

Түйін сөздер: Мәхди, құтқарушы, Мәсіх, ақырзаман, Ислам сенім негіздері.