МЕТОДОЛОГИЯ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ ИССЛЕДОВАНИЙ

ЭТНИКАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ПРАКТИКАСЫ

Том 84 № 4 (2023), МЕТОДОЛОГИЯ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ ИССЛЕДОВАНИЙ
Том 84 № 4 (2023)
2023-11-09

Авторлар

  • Жанар Накипбаева Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
  • Айгул Садвокасова Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты https://orcid.org/0000-0002-3467-0833

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Накипбаева, Ж., & Садвокасова, А. (2023). ЭТНИКАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ПРАКТИКАСЫ. Аль-Фараби, 84(4), 109–123. https://doi.org/10.48010/2023.4/1999-5911.09

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыру гранты «Жас ғалым» аясында жүзеге асырылып отырған «Жаһандану және жаңа көші-қон жағдайында көпэтносты Қазақстандағы интеркультурализм және толеранттылық» жобасы бойынша жүргізілген далалық зерттеудің әдіснамасы мен дизайнын даярлау, оны ұйымдастыру, өткізу кезеңдері, зерттеу барысындағы негізгі мәселелер талқылауға ұсынылды. Мақалада зерттеу әдіснамасы мен дизайнын даярлау кезеңіндегі толеранттылық ұғымының қолдану шеңбері анықталды, оның шетелдік тәжірибеде өлшеу индекстері мен әдістері қарастылды.

Түйін сөздер: этникалық толеранттылық, далалық зерттеу кезеңі, зерттеу дизайны, әдіснама, әралуандылық, этникалық топтар, қазақстандықтар, ұлт.