РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: АЛЬ-ФАРАБИ И АБАЙ

ЖАСТАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІ: АБАЙ МҰРАСЫ АЯСЫНДА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Том 83 № 3 (2023), РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: АЛЬ-ФАРАБИ И АБАЙ
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нұрадин, Г. ., & Жанабаева, Д. . (2023). ЖАСТАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІ: АБАЙ МҰРАСЫ АЯСЫНДА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Аль-Фараби, 83(3), 13–25. https://doi.org/10.48010/2023.3/1999-5911.02
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі Қазақстан жастарының отбасы және отбасылық құндылықтарына Абай мұрасының негізінде талдау жасалған. Отбасы мен қазіргі қоғамның өзара әрекеттесуіне философиялық талдау жасау жеке адам мен қоғам арасындағы тең қарым-қатынасқа жету мағынасы отбасында қалыптасатын қоғамдық санадағы тұрақты құндылық бағдарларды қалыптастырмай елестету мүмкін еместігімен шартталған. Абай өзінің «Адам бол!» ізгілікті формуласын алға тарта отырып, жастар үшін достықтың, некедегі сүйіспеншілік, ар-ұждан мен парыз, батылдық пен адами қарым-қатынастың биік шыңы және т.б. сынды этикалық нормалардың біртұтас жиынтығын әзірледі. Сонымен қатар ғылыми мақалада  қазіргі қоғамдағы отбасын құру барысында тиімді қолдануға болатын ойшылдың «Қара сөздерінің» тәрбиелік мәні мен мағыналық ерекшеліктері де көрсетілген.

Түйін сөздер: отбасын құру, Абай мұрасы, жастар, құрылымдық-функционалдық модель, қара сөздер, махаббат, адалдық, білімділік, дүниетаным.