КУЛЬТУРА. ИДЕНТИЧНОСТЬ. УРБАНИЗАЦИЯ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ТІЛ-ҚҰРАЛ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

Том 80 № 4 (2022), КУЛЬТУРА. ИДЕНТИЧНОСТЬ. УРБАНИЗАЦИЯ
Том 80 № 4 (2022)
2022-12-14

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Маралбек, Е. (2022). АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ТІЛ-ҚҰРАЛ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ. Аль-Фараби, 80(4), 89–105. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5911.08

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі емле ережелерінің құрылымы мен тақырыптық мазмұнын қалыптастырудағы орны мен үлесі, оның ғылыми негіздері туралы талдаулар ұсынылады. Мақаланың негізгі бөлімі екі үлкен тақырыптан тұрады. Бірінші бөлімінде Ахмет Байтұрсынұлы жасаған қазақ тілі емле ережелерінің тақырыптары мен құрылымдық элементтері, емле ережелердің саны мен оның ғылыми негізі тарихи деректер және түпнұсқа дәйектермен беріледі. Екінші бөлімі Ахмет Байтұрсынұлының қазақ емлесін жасауда ұстанған жазу принципті нақты мысалдар арқылы талданады. Мақаланың ғылыми дәйектері ғалымның түпнұсқа еңбектері мен бүгінгі қазақ емлесінің белді мамандарының тұжырымдары арқылы дәйектеледі. Талдау барысында Ахмет Байтұрсынұлының 1-жылдық (1-кітап) «Тіл-құрал» еңбегінің барлық басылымдары салыстырылып, қажетті сілтемелер алынды. Нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ емлесінің ең өзекті тақырыптары мен емле ережелерінің құрылымын қалыптастырғандығы, ол бүгінгі қазақ емлесіне негіз болғаны дәлелденді.