ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ

ПРАГМАТИЗМ - САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Том 80 № 4 (2022), ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ
Том 80 № 4 (2022)
2022-12-15

Авторлар

  • Ақмарал Малдыбек Ахмет Ясауи университеті
  • Нұрсұлтан Дүйсен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0001-8080-4508

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Малдыбек, А., & Дүйсен, Н. (2022). ПРАГМАТИЗМ - САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ. Аль-Фараби, 80(4), 47–53. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5911.04

Аңдатпа

Бүгінгі таңда прагматизм жайлы көп айтылып та жатыр, жазылып та жүр. Прагматизм XIX ғасырдың соңғы онжылдығында философиялық бағыт ретінде пайда болды.

        XXI ғасырда ұлттық сананы жаңғыртудың біршама бағыт – бағдарлары алдыға қойылды. Атап айтар болсақ: бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, білімнің салтанат құруы секілді және елдің революциялық емес эволюциялық жолмен дамуы, сана ашықтығына шақыратын ойлар рухани жаңғырудың басты принціпіне айналды.

      Соңғы өткен жиырма жыл ішінде әлем қауымдастығында туындаған ұлттық бәсеке ұғымы жіті талдау мен саяси негізге ие құрылғыға айналып үлгерді. Сол себепті экономикалық өсім қазіргі жаһандану жағдайындағы ұлттық бәсеке деген түсініктің ерекше теориялық әрі практикалық маңыздылығы жоғары. Ұлттық бәсекелестіктің бітім болмысы мен өлшемдері жайлы мәселенің теориялық қорытындысы бойынша біршама елдер ең негізгі сұрақтардың жауабын шешуге тырысып бақты. Экономикалық даму шарттары және мемлекетті қалыпқа келтіру мүмкіндігін айшықтайды. Осы аталған бағытта «Цифрлы Қазақстан», «Мәдени әрі конфессияаралық келісім»,  «Үш тілде білім беру» деп аталатын бағдарламалар тізбегі өзінің құндылығын жоймақ емес.

      Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының бірден бір жолы прагматизм қағидаларының ұлт жадында жатталып,сол үшін қазақы болмысқа теріс кей әдеттен арылу керектігі жайында әңгімеленеді.

Түйін сөздер: прагматизм, іскерлік, ұлттық құндылықтар, бәсекеге қабілеттілік, бірегейлік