КАЗАХСТАНСКАЯ ФИЛОСОФИЯ: ТВОРЧЕСКАЯ ЛАБОРОТОРИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ

Ж.М. ӘБДІЛДИННІҢ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫН ЗЕРДЕЛЕУІ

Том 76 № 4 (2021), КАЗАХСТАНСКАЯ ФИЛОСОФИЯ: ТВОРЧЕСКАЯ ЛАБОРОТОРИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Иманқұл, Ж., & Мадалиева, Ж. . (2021). Ж.М. ӘБДІЛДИННІҢ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫН ЗЕРДЕЛЕУІ. Аль-Фараби, 76(4). https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5911.06

Аңдатпа

Бұл мақалада академик Ж.М. Әбділдиннің диалектикалық-логикалық принциптер мен теориялық таным методологиясын зерделеуі қарастырылады. Қазақ философиясы тарихында Ж.М. Әбділдин тұңғыш рет диалектикалық логика принциптері мен таным методологиясын терең зерттеп, мәннің ішкі қайшылықтары мен анықтамаларын ашып, диалектика, логика және таным теориясының бірлігі – диалектикалық логика пәнін ұғынудың кілті деп тұжырымдайды. Диалектикалық логикада ойлаудың, ұғымның қайшылығы туралы мәселе танымның объективтік міндеті, объективтік шындықты рухани-теориялық жаңғырту мәселесімен тығыз байланысты. Ж.М. Әбділдин диалектикалық логикада теория деп объективтік, ойлау бастамасын айқындау, нақтылық біртұтастықтың табиғатын рухани жаңғыртатын ойлаудың күрделі формасын ұғынуды, жекелік, ерекшелік пен әмбебаптықтың бірлігін бітімдеуді көрсетеді.                                          Ойлау бастамасы бір нәрсемен тікелей немесе жанама түрде байланыста болады, сонымен бірге ол ешнәрсеге қатысты болмайды, бірақ осылай ойлау бастауы дәлелсіз, мүмкін емес, сондықтан бұл тәсілдер өзінің жалғандығын дәріптейді. Бастама дегеніміз логикалық бастама, сондықтан ол өз еркіндегі, өзіндік мәні бар ойлау. Бастама абсолютті, немесе сол сияқты бара-бар мәнді абстрактты бастама болуы қажет, ол сөйтіп, ештеңені алдын ала жорамалдамайтын, бір нәрсеге жанама түрде себеп болмайтын, қандай да болса, негізге сүйенбейтін болуы керек, керісінше, ол өзі барлық ілімнің негізі болуы керек. Сол себепті, ол өзін-өзі тікелей айқындауы керек.                             Бастаманың жаратылысының өзі оның болмыстан өзге ештеңе емес екенін талап етеді, сондықтан, болмыс өзге деректерсіз, әрқилы қағидалар мен бастапқы негіздерсіз ойлау тарихындағы, философиядағы өз орнын айқын анықтайды. Болмыс дегеніміз шынайы, таза ой, немесе ойлау бастамасы, логика басталуы. Біз болмыс туралы, тек қана болмыс туралы айтқанда, ойдағы болып тұрған нәрселердің бәрінің, бар болуы керек. Болмыс дегеніміз тегінде біздің ойымыз жеткен тұстан әрі қарай ашық тұрған абстракциялы мәселе. Болмыстың тегін терең ойлана бастасақ, біз нәрселерден айырмашылық, өзгешелік сезе бастаймыз.

Түйін сөздер: диалектикалық логика, философиялық идея, формалды логика, теория, логикалық категориялар, форма, әмбебаптық, субстанциялық анықтамалар.