РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

СМРИТИ ЖАНРЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕЛУІ (МАХАБҺАРАТ ЖӘНЕ РАМАЯНA МҰРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Том 74 № 2 (2021), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Том 74 № 2 (2021)
2021-06-25

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нағима Жаулыбайқызы, Б., & Дариға Молдағалиқызы, К. (2021). СМРИТИ ЖАНРЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕЛУІ (МАХАБҺАРАТ ЖӘНЕ РАМАЯНA МҰРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ). Аль-Фараби, 74(2). https://doi.org/10.48010/2021.2/1999-5911.11
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Мақалада үнді мұрасына қарасты смрити мәтіндері негізінде әлемге кеңінен таралған Махабһарат пен Рамаяна туындыларының ішкі мазмұны қарастырылып, ондағы теориялық зерттеулеріне назар аударылады. Әлем әдебиетанушылары мен түркі зерттеушілері «Ежелгі үнді қоғамының энциклопедиясы», – деп баға берген смрити жанрында жазылған құнды мұра Махабһарат және Рамаянa туындыларына талдаулар жасалынып, ондағы тәңірлік, батырлық, даналық сипаттағы кейіпкерлердің қоғамдағы орны сараланады. Сонымен қатар екі туысқан ұрпақтың өзара қантөгісі баяндалатын Махабһарат дастанының құрамына діни-философиялық поэма – БһагавадГитаның уақыт аралығы және шығу алғышарттарына жан-жақты талдау жасалынады. Санскрит тілінде жазылған діни-философиялық ежелгі үнді ескерткіш Бхагавад-Гитаның шыққан уақыты аса ауқымды аралықты алып жатыр. Алайда бұл мәселе даулы болып келеді, сондықтан әр ғалым бұл жайлы түрлі көзқарастарын айтады. Сондықтан мақалада қазіргі таңда смрити жанрында жазылған туындыларға қатысты теориялық зерттеулер жүргізген Б. Тилак, Дж. Белвалкар, Шри Гопал Базу Малик, Йогананда Парамаханса, Радхакришнан С., Рой М.А. сынды үнді ғалымдары мен бірге Еуропаның Ф. Бопп, Л. Шредер, С. Соренсен, Г. Бюлле, У. Рубен және т.б. отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынып, талданады.

 Түйін сөздер: Веда әдебиеті, Махабһарат, Бһагавад-Гита, Рамаяна, мұра, сенім.