КУЛЬТУРА. ИДЕНТИЧНОСТЬ. СПРАВЕДЛИВОСТЬ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ БИЛІГІ ДӘСТҮРІНІҢ ЖАЛҒАСЫ РЕТІНДЕ (ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАН ТӘЖІРБИЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ)

Том 89 № 3 (2025), КУЛЬТУРА. ИДЕНТИЧНОСТЬ. СПРАВЕДЛИВОСТЬ
Том 89 № 3 (2025)
2025-09-30

Авторлар

  • Мейрамкул Исаева Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Юрий Булуктаев Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Ерлан Чермухамбетов Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Нуртаза Асилов Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Исаева, М., Булуктаев, Ю., Чермухамбетов, Е. ., & Асилов , Н. . (2025). ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ БИЛІГІ ДӘСТҮРІНІҢ ЖАЛҒАСЫ РЕТІНДЕ (ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАН ТӘЖІРБИЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ). Аль-Фараби, 89(3), 52–60. https://doi.org/10.48010/2025.3/1999-5911.05

Аңдатпа

Құрылтай – көптеген ғасырлар бойы алқалық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін мемлекеттік институт ретінде демократияның көрінісі болып табылады. Құрылтай ескі  түркі мемлекеттерінің тарихында ел өмірінің маңызды мәселелерін қарастыратын кеңес болды. Ғұн мемлекеті дәуірінен бастау алған бұл Мәжіліс ғасырлар бойы түркі тілдес мемлекеттерде елдегі маңызды мәселелерді шешу үшін шақырылатын бекзаттарының жиыны ретінде қызмет атқарды.

Мақаламызда Құрылтайдың ежелгі түркі билігі дәстүрінің жалғасы ретінде қазіргі заманғы қызметі туралы баяндалады. Кеңестер Одағынан тәуелсіздік алған республикалар мемлекеттілігін  қалыптастыру бағытында түрлі реформалар жүргізе бастады. Бұл реформалардың негізгі бағыттарының бірі ескі құндылықтарды қайта жаңғырту болса, Құрылтайдың құрылуы – ескі түркі мемлекеттерінің ел билігіндегі дәстүрді жалғастырудың бір көрінісі болып табылады. Мақалада, Қазақстан Республикасының Ұлттық Құрылтайы және Қырғыз Республикасының Халық Құрылтайының құқықтық статусы, құрамы және қызметтеріне салыстырмалы талдау жасалынады.

Түйін сөздер: Құрылтай, Ұлттық Құрылтай, Халық Құрылтайы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Заң, Ереже.