ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Том 89 № 4 (2025), ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ
Том 89 № 4 (2025)
2025-11-14

Авторлар

  • Нұргүл Тәттібек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ляззат Курманбаева М.Тынышбаев атындағы АЛТ Университеті
  • Гүлмира Көбегенова Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Ғалия Әбдіхапарова Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық Университеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тәттібек, Н., Курманбаева, Л., Көбегенова, Г., & Әбдіхапарова, Ғ. (2025). БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Аль-Фараби, 89(4), 83–95. https://doi.org/10.48010/2025.4/1999-5911.08

Аңдатпа

Соңғы уақытта философтардың, әлеуметтанушылар мен жалпы қоғамның медицина және биология саласындағы ғылыми қызметтің этикалық аспектілеріне деген қызығушылығы айтарлықтай артты. Мұның себебі 20 ғасырдың соңғы ширегінде биомедициналық ғылымдар мен технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты деуге болады. Және бұл құбылыс жаңа мәселелердің пайда болуына әкеліп, бұл мәселелерді шешу үшін биоэтика саласы пайда болды.

Ғылым саласында биоэтика тақырыбының өзекті болуына  дәрігер-пациент қарым-қатынасының модельдерінде нарық жағдайындағы келісімшарттық  бағытқа ауысуы болды. Биоэтика мәселесі бойынша әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан жеткілікті тұжырымдамалық теориялық негіздің жоқтығы биоэтика саласындағы әртүрлі көзқарастар қақтығыстарына әкеледі. Зерттеу тақырыбымызда қазіргі кездегі биоэтикалық теориялардағы (утилитарлық, деонтологиялық, моральдық міндеттемелер теориясы және т.б.) түрлі проблемалары қарастырылады. Мақаламызда биоэтика саласының түрлі мәселелерінің философиялық тұрғыдан талдау жұмыстары баяндалған. Бұл мақалада биоэтиканың аксиологиялық, онтологиялық, гносеологиялық, стратификациялық және пәнаралық салаларына қатысты ғылыми мәселелері қарастырылады.

Түйін сөздер: медицина, этика, биоэтика, нормалар, парадигмалар, деонтология,
міндеттемелер