DOI:
Мақалада экстремистік ИГИЛ ұйымының балаларды өздерінің мемлекеттік жобасын жүзеге асырудағы ресурстары ретінде пайдалану тәсілдері қарастырылады. Балалардың ИГИЛ-дің үгіт-насихат материалдарындағы бейнелері, ұйым бақылауындағы аумақтарда мектептік білім беру арқылы баланы әлеуметтендіру үдерісі, сондай-ақ балаларға ықпал етудің геймификация әдістерін қолдану арқылы жаңа буынды – «халифаттың арландарының» менталитетін қалыптастыру жолдары талданады. ИГИЛ-дің насихаты, оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, сондай-ақ бейнеойындар баланың санасына әлемді дихотомиялық тұрғыдан қабылдауды, басқа сыртқы топтарға ішкі топтық біргейліктің поляризациясын, зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс ретінде қабылдауды және өз идеологиясымен келіспейтін «басқаларға» қарсы күш қолдануды заңдастыруды енгізген ментальдық модельдерді таратты. Сонымен қатар, авторлар ИГИЛ ұйымының балалық шақты саналы түрде қайта форматтауға тырысқанын және оның балалардың психологиялық әрі әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізгенін алға тартады. Зерттеу пәнаралық әдіснамаға негізделген және Сирия мен Ирак елдерінен оралған қазақстандық балалармен жүргізілген әңгімелер мен бірінші шептегі мамандардан алынған сұхбат материалдарына сүйенеді.
Түйін сөздер: балалар, жаңа менталитет, ИГИЛ, насихат, ИГИЛ-дегі білім беру, ментальдық модельдер, геймификация.