DOI:
Мақалада исламдық қазақстандық сәйкестіктің мазмұны, қалыптасу механизмдері мен ерекшеліктері оның онтологиялық негіздері мен феноменологиялық көріністері контексінде ашылады.
Исламдық сәйкестіктің онтологиялық мазмұнын зерттеу маңызды, өйткені бұл зерттеу имандылардың өз орнын дүниеде анықтауы мен ислам дүниетанымының аксиологиялық бағдарларын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлар мұсылмандардың рухани дамуының динамикасын айқындайды. Ал исламдық сәйкестіктің феноменологиялық мазмұнына қызығушылық сенімнің жеке тәжірибе ретінде қабылдануын, оның ритуалдық және күнделікті мінез-құлықтағы сыртқы көріністерін зерделеу қажеттілігінен туындайды.
Авторлар келесі зерттеу міндеттерін бірізділікпен шешеді: Орталық Азия қоғамдарының тарихи-мәдени контексі арқылы Қазақстан қоғамындағы исламдық сәйкестіктің ерекшелігін анықтау; исламның болмыс негіздерін ашу арқылы исламдық сәйкестіктің онтологиялық мазмұнын талдау; исламдық сәйкестіктің феноменологиялық мазмұны мен оның Қазақстан қоғамындағы практикалық маңызын ашу; исламдық радикализмді феноменологиялық интерпретациялардың бір түрі ретінде қарастыру.
Осыған байланысты авторлар исламдық сәйкестікті статикалық категория емес, тұлғаның ішкі күйзелістері мен мінез-құлықтық өзгерістерін, сондай-ақ қоғамдағы рухани үрдістерді бейнелейтін динамикалық құбылыс ретінде қарастырады.
Түйін сөздер: исламдық сәйкестік, Қазақстан қоғамы, онтологиялық негіздер, феноменологиялық негіздер, Қазақстандағы ислам, Орталық Азия.