DOI:
Сыни тұрғыдан ойлау ғылыми ақиқатты анықтаудың негізгі құрамдас бөлігі саналады. Ал дизайн-ойлау шығармашылық, инновация және мәселелерді шешу мүмкіндіктерін арттыру үшін заманауи контексте танымал әдіснама ретінде қалыптасты. Ғалымдар дизайн-ойлау сыни ойлауға демеу болады деп тұжырымдайды; дегенмен ойлаудың осы қос моделі арасындағы өзара байланысты зерттейтін эмпирикалық зерттеулер жоққа тән. Бұл, ең алдымен, олардың ортақ концептуалды негізінің егжей-тегжейлі түсіндірілмеуі мен олардың тұжырымдамаларының бір-бірінен тәуелсіз екендігін қабылдаумен байланысты. Аталған зерттеу дизайн-ойлау мен сыни ойлаудың түрлі қасиеттері арасындағы байланысты салыстыру, олардың теориялық негіздерін философиялық контекстінде біріктіру арқылы осы мәселені шешуге бағытталған. Практикалық мәнді философиялық талдау бір-бірінен айырмашылығы бар ойлау тәсілдерінің ортақ белгілері барлығын, бірақ алшақтықтың да елеулі екенін де көрсетеді. Ойлаудың осы екі түрін жан-жақты салыстыру дизайн-ойлау әдістерінің дәстүрлі сыни ойлау тәжірибесін қолдау және толықтыру әлеуеті бар екенін, сондай-ақ сыни ойлауды неғұрлым анық қамту үшін дизайн-ойлаудың құрылымдарын өзгертуге болатынын дәйектейді.
Түйін сөздер: дизайн-ойлау, сыни ойлау, философия, дизайн және сыни ойлау
дағдыларының интеграциясы.