DOI:
Мақалада жаһандану феноменінің мәдениетке әсер ету механизмдері, оның генезисі мен қазіргі уақыттағы рөлі эпистемологиялық негіздеумен талданады. Зерттеу жүргізу кезеңінде мәдениеттердің өзара ықпалдастығы мен даму процесіндегі негізгі үдерістерді айқындау, жаһанданудың оң және теріс салдарын бағалау, сонымен қатар заманауи ақпараттық технологиялардың мәдениетаралық алмасуға тигізетін ықпалын талқылау әдістері қолданылды. Ұсынылып отырған мақалада тарихи мысалдар арқылы мәдени бейімделу мен өзара әсерлесудің механизмдері жүйелі түрде ашылды. Қазіргі уақытта жаһандану ақпараттық желілер, инновациялық технологиялар және бұқаралық мәдениет арқылы үдеу алып, этноұлттық ерекшеленулерді жою қауыпын тудыратыны анықталды. Мәдениеттің жаһандануының адамзат үшін объективті заңдылық екені, бірақ оның салдарын басқаруда ұлттық бірегейлікті сақтау, мәдени әртүрлілікті қолдау және экологиялық тәуелділікті арттыру тәрізді мәселелерді шешу керектігі көрсетілген. Зерттеу заманауи әлеуметтік-мәдени трансформацияларды түсінуге және оларды басқару стратегияларын әзірлеуге ықпал етеді.
Түйін сөздер: жаһандану, мәдениетаралық әрекеттесу, ассимиляция, интеграция, ұлттық бірегейлік, технологиялық инновациялар, мультикультурализм.