ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАН ҰҒЫМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Том 89 № 1 (2025), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 89 № 1 (2025)
2025-03-28

Авторлар

  • Айнур Жангалиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті https://orcid.org/0000-0001-5051-5844
  • Есім Ғарифолла Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті https://orcid.org/0000-0003-4001-9235
  • Зугура Рахматуллина Ресей Ғылым академиясының Уфа федералды зерттеу орталығының тарих, тіл және әдебиет институты https://orcid.org/0000-0001-9778-5243
  • Сайра Шамахай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті https://orcid.org/0000-0002-7143-0062

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жангалиева, А., Ғарифолла , Е., Рахматуллина, . З. ., & Шамахай, . С. (2025). ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАН ҰҒЫМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ. Аль-Фараби, 89(1), 34–47. https://doi.org/10.48010/2025.1/1999-5911.03
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ философиясындағы «заман» ұғымының эволюциясын зерттеуге арналған. Заман – уақыт пен кеңістік категорияларымен тығыз байланысты, қоғамның әлеуметтік, мәдени және рухани дамуын бейнелейтін күрделі философиялық ұғым. Мақалада заман ұғымының философиялық мәні, оның уақыт пен кеңістік шеңберіндегі орны, сондай-ақ адамның заманға және заманның адамға ықпалы қарастырылады.

Зерттеу барысында Абай философиясына ерекше назар аударылады. Абайдың заман туралы ойлары оның өлеңдері мен қара сөздерінде терең пайымдалған. Ақын заманның объективті сипатын мойындай отырып, оның адамның рухани және моральдық қасиеттеріне әсерін сипаттайды. Сонымен қатар, Абай заманның адам әрекеттеріне тәуелділігін, яғни адамның да заманға ықпал ете алатынын көрсетеді.

Мақалада заман мен уақыттың айырмашылықтары, олардың қоғам дамуы мен құндылықтардың алмасуындағы рөлі талданады. «Арғы заман» ұғымы арқылы қазақ халқының тарихи жады мен рухани мұрасындағы уақыт пен кеңістік өлшемдерінің байланысы қарастырылады. Сондай-ақ, заманның үздіксіз өзгерісі және оның қоғамдағы құндылықтарға, адамның өмірлік ұстанымдарына тигізетін ықпалы философиялық тұрғыдан талқыланады.

Зерттеу нәтижесінде заманның тек объективті құбылыс емес, адамның рухани және моральдық әрекеттерімен қалыптасатын ұғым екендігі анықталды. Абайдың философиялық көзқарастары заманның әлеуметтік және мәдени мазмұнын түсінуде, сондай-ақ ұлттық тарихи сананың қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Түйін сөздер: заман, уақыт, кеңістік, Абай философиясы, әлеуметтік құндылықтар, қазақ дүниетанымы, тарихи сана.