РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ САНАСЫНЫҢ ДІНИ АСПЕКТІЛЕРІ

Том 88 № 4 (2024), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Том 88 № 4 (2024)
2024-10-31

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Алтайқызы, А. (2024). ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ САНАСЫНЫҢ ДІНИ АСПЕКТІЛЕРІ . Аль-Фараби, 88(4), 81–89. https://doi.org/10.48010/2024.4/1999-5911.07
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Қазақстандағы бұқаралық сананың діни мәселелері, оның ішінде қоғамдағы исламның қазіргі орны талданған. Діни көзқарастар мен әлеуметтік процестер арасындағы байланыстар, сонымен қатар, олардың ұжымдық идеялар мен қазақстандықтардың қалыптасуына әсері қарастырылады. Мәдени, әлеуметтік өзгерістер мен әртүрлі дүниетанымдардың өзара әрекеттесуі контекстінде діни құндылықтардың өзгеру қарқынына ерекше назар аударылады. Жаһандану жағдайында діни идеялар мен көзқарастардың бейімделу мәселелері және олардың қоғамдық келісімді қалыптастырудағы рөлі талқыланады. Автор қазіргі қоғамның әлеуметтік және мәдени ерекшеліктері мен дамуын түсіну үшін діни факторды зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігін атап көрсетеді.

Зерттеу жұмысы жалпы екі бағыттағы мәселені / бөлімді қамтиды: біріншіден, «Адал адам – Адал еңбек – Адал Табыс» атты Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың сөйлеген сөзін талдау; екіншіден, діни бұқаралық санадағы «ислам мен тәңіршілдік» мәселесі бойынша қазақстандық онлайн-платформаларды дискурс-талдау. Осылайша, автор қоғамдық және эксперттік дискурстағы діни көзқарастардың ахуалын анықтап, қазақстандықтардың бұқаралық санасының діни аспектілерін айқындауды көздеді және бұл мақаланың негізгі мақсаты болып табылады.

Түйін сөздер: бұқаралық сана, діни сана, Қазақстан халқы, сананың діни аспектілері, ислам.