DOI:
Аңдатпа. Мақала тұлға субъектілігі мәселесі ерекше өзектілікке ие болатын білімнің цифрлық қоғамындағы адам әлеуетін әлеуметтік-философиялық тұрғыдан пайымдауға арналған. Қоғамдық өмірді цифрландыру жағдайында коммуникация тәсілдерінің, білім өндірудің және адамның өзін-өзі жүзеге асыру формаларының трансформациясымен байланысты өзгерістер қарастырылады. Цифрлық ортаның кеңеюі ақпараттық шындықпен өзара әрекеттесу тетіктерін ғана емес, сонымен қатар тұлғалық бірегейліктің, құндылықтық бағдарлардың қалыптасу үдерістерін және адамның қоғамдағы өз орны туралы түсініктерін өзгертеді. Ақпараттық қоғам мен білім қоғамы ұғымдары ара-жіктеліп, бұл қазіргі әлеуметтік трансформация үдерістерінің ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде ақпаратқа қолжетімділік қана емес, оны сыни тұрғыдан пайымдау, интерпретациялау және жауапкершілікпен пайдалану қабілетінің ерекше маңызға ие болатыны атап өтіледі. Адам әлеуетін түсінудің негізгі философиялық тәсілдері талданып, цифрлық ортаның әлеуметтік тәжірибелер мен тұлғаның өзін-өзі айқындау формаларына ықпал ету ерекшеліктері зерттеледі. Цифрландырудың қарама-қайшы салдарларына, бір жағынан, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері мен когнитивтік ресурстарға қолжетімділіктің кеңеюіне, екінші жағынан, сананың фрагментациясы, рефлексивтіліктің әлсіреуі, ақпаратты іріктеу алгоритмдеріне тәуелділік және құндылықтық негіздердің жоғалу қаупіне ерекше назар аударылады. Авторлық ұстаным негізделеді, оған сәйкес субъектілік адамның дербес ойлауына, ақпаратты сыни қабылдауына және саналы әлеуметтік әрекетіне мүмкіндік бере отырып, адам әлеуетін сақтау мен дамытудың қажетті шарты ретінде қарастырылады.
Түйінді сөздер: адам әлеуеті; субъектілік; білім қоғамы; цифрландыру; цифрлық бірегейлік; рефлексивтілік; тұлғаның өзін-өзі құрастыруы.