ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

«АРХЕТИП ПЕН СЕМИОСФЕРА: ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫШАМАНИЗМ МЕН СОПЫЛЫҚТЫҢ КОГНИТИВТІК САБАҚТАСТЫҒЫ

Том 89 № 3 (2025), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 89 № 3 (2025)
2025-09-30

Авторлар

  • Ғалым Мәлік 1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
  • Еркебұлан Ержанов Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Берік Кәдіров С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мәлік, Ғ., Ержанов, Е. ., & Кәдіров , Б. (2025). «АРХЕТИП ПЕН СЕМИОСФЕРА: ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫШАМАНИЗМ МЕН СОПЫЛЫҚТЫҢ КОГНИТИВТІК САБАҚТАСТЫҒЫ. Аль-Фараби, 89(3), 3–17. https://doi.org/10.48010/2025.3/1999-5911.01

Аңдатпа

Мақалада қазақ мәдениетінің архетиптік жадында сақталған шамандық құрылымның семиотикалық және мәдени-когнитивтік бейімделу жолдары сараланады. Зерттеу шаманизм мен сопылық поэзия арасындағы рәміздік сабақтастықты структуралистік антропология, ұжымдық бейсана теориясы және мәдени семиотика аясында қарастырады. Шаман бейнесі бұл контексте ритуалдық әрекеттер арқылы мәдени мағынаны қайта өндіретін әмбебап символдық агент ретінде сипатталады. К.Г. Юнгтің архетиптік модельдері, Ю.М. Лотманның семиосфера концепциясы және Ж. Делёздің семиотикалық мутация туралы көзқарастары арқылы шамандық рәміздердің сопылық поэзия кеңістігінде қалай трансформацияланғаны көрсетіледі. Қобыз, транс, от пен түтін секілді ритуалды элементтер хикметтік поэзияда фәна, хәл, пірге мойынсұну, жүрек көзімен тану сияқты ішкі семиотикалық өрістерде жаңа мазмұнмен тіршілік етеді. Мұндай бейімделулер семантикалық синкретизм ұғымы арқылы пайымдалып, архетиптердің тарихи үздіксіздігі мен мәдени-контекстік икемділігіне негізделген семиотикалық метаморфозаның үлгісі ретінде түсіндіріледі. Зерттеу барысында архетиптің мәдениеттегі репрезентациялық формалары мен ритуалдық-поэтикалық әрекеттер арқылы жүзеге асатын мағына тудыру тетіктері философиялық және антропологиялық көзқарастармен кешенді түрде талданады.

Түйін сөздер:шамандық архетип, семиосфера, сопылық дискурс, рәміздік бейімделу, семантикалық синкретизм, ұжымдық бейсана, структуралистік талдау, қазақ философиясы