Авторларға арналған нұсқаулық

Мақалаларды тіркеу және жіберу

Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы ресми веб-сайтта Open Journal System жүйесін қолдану арқылы тіркелу (авторизация)  және материалдарды онлайн қабылдау арқылы журналдың қағаз және электронды нұсқасын жариялауды жүзеге асырады. Ол үшін сайтқа тіркеліп, мақалаларды жіберу, рәсімдеу ережесімен, жарияланым мен журналдың редакциялық саясаты, этикалық қағидасымен танысуы шарт.

Редакция алқасы бұрындары жарияланбаған және журналдың тақырыптық бағытына сай айырықша авторлық мақалаларды қабылдайды. Мақала электронды форматты ұсынылып, журналдың веб-сайтына жүктелуі қажет. 

Автор ілеспе хатта – аты-жөні, мемлекет, қала, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы, e-mail, ORCID,  байланыс телефоны көрсетілуі шарт.

Ілеспе хатта міндетті түрде ұсынылған мақаланың бұрындары ешқайда жарияланбағандығы айырықша жұмыс, плагиат жоқ екендігі көрсетілуі керек, сонымен қатар, мақала авторлар ұжымымен ұсынылса, корреспондент автор кім екендігі белгіленеді.