Тіркелу және мақалаларды жіберу
Тіркелу және мақалаларды жіберу
«Әл-Фараби» социогуманитарлық зерттеулер журналы мақалаларды қағаз және электронды нұсқада жариялау негізінде Open Journal System арқылы материалдарды онлайн түрде жіберуді және ресми веб-сайтта тіркеуді жүзеге асырады. Осы үшін сайтқа тіркеліп, мақалаларды жіберу ережелері, олардың ресімделуі, жариялау этикасы принциптері және редакциялық саясатымен танысу қажет.
Редакциялық алқа журналдың жариялау бағыттарына сәйкес бұрын жарияланбаған және түпнұсқалық авторлық мақалаларды қабылдайды. Мақала электронды форматта ұсынылып, журналдың веб-сайтына жүктелуі тиіс.
Автор міндетті түрде Ілеспе хатында келесі мәліметтерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, ел, қала, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, e-mail, ORCID, байланыс телефоны.
Ілеспе хатында міндетті түрде келесі ақпарат берілуі қажет: ұсынылған мақала бұрын еш жерде жарияланбаған, түпнұсқалық жұмыс болып табылады, плагиатқа жол берілмеген және егер мақала авторлықпен жазылса, корреспондент автор көрсетілуі тиіс.