ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

МИФ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

Том 86 № 2 (2024), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада миф феномені мен оның қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістіктегі қызметінің ерекшеліктеріне теориялық талдау жасалды.  Зерттеудің мақсаты – қазіргі мифтердің негізгі қызметтерін және олардың әлеуметтік процестер мен қатынастарға әсер ету заңдылықтарын анықтау. Мифтің қоғамға әсер ету ерекшеліктерін анықтау үшін авторлар қоғамдық сананың мифологиялық сипаттамаларын зерттеп, мифтің негізгі қызметтерін талдап, жүйелеген.

Мифті қоғамдық қатынастардың маңызды элементі болып табылатын құбылыс ретінде тани отырып, авторлар қоғам деңгейінде де, жеке адамдар деңгейінде де қажетті бірқатар функцияларды саралап, мифтің көп функционалды сипатын айқындайды. Миф көп өлшемді (көпқырлы), күрделі құбылыс ретінде үнемі трансформацияға ұшырап, өз дәуірінің болмысы мен т алаптарына сай қызметін өзгертіп отырады. Барлық мифтің функциялары мазмұнына қарай оң немесе теріс сипатқа ие болып, мифтің дуалистік табиғатын айқындайды.

Түйін сөздер: миф, әлеуметтік миф, мифтік сана, мифтік шығармашылық, қоғам, әлеуметтік қатынастар.