БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ

ФИЛОСОФИЯНЫ ОҚЫТУДА CASE-STUDY ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Том 86 № 2 (2024), БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Аңдатпа

Мақалада case-study әдісін философияны оқытуда қолдану аспектілері зерттелінеді. Мақалада case-study әдісін философияны оқытуда қолданудың теориялық және әдіснамалық негіздеріне, case-study әдісін қолдану негізінде оқыту тиімділігін арттыру шарттары, сондай-ақ философияны  оқытуда  case-study әдісін қолданудың әдістемесі егжей-тегжейлі сипатталды. Сase-study ағылшынша "кейс" - бұл белгілі бір жағдайларды зерттеуге, талдауға және әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізуге негізделген, белгілі бір жағдайды білдірсе, "study" - оқу сөздерін біріктіруден құрылған білім беру әдісі. Кейс-әдіс немесе кейс-стади - нақты жағдайды талдау әдісі, нақты әлеуметтік, экономикалық, іскерлік жағдайлардың анықтамасын пайдаланатын білім беру әдістемесі. Оқытушылар бұл жағдайды талдауға, проблемалардың мәнін түсінуге, осы мәселелердің балама шешімдерін іздеуге және олардың ішінен тиімділерін таңдауға көмектеседі. Кейстер нақты жағдайға мүмкіндігінше жақын нақты материалдарға немесе ақпаратқа негізделген.

Түйін сөздер: case-study әдісі, философия, инновация,  оқыту,  әдістер, зерттеу, талдау, цифрландыру технологиясы.