ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ӘЛ-МУАЛЛИМУС-СӘНИ» (ЕКІНШІ МҰҒАЛІМ) АТАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ

Том 85 № 1 (2024), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Аңдатпа

Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің ең көлемді еңбегінің бірі «Китаб әл-Мусиқа әл-кәбир – كتاب الموسيقى الكبير» (Музыканың үлкен кітабы) трактаты екендігі алға тартыла отырып, «Әбу Насыр әл-Фараби шығыс музыкасының негізін қалаушы, білікті музыкант ретінде не себепті әлемге танымал емес?» оны неліктен «әл-Муаллим әс-сәни – المعلم الثاني» (Екінші мұғалім) деп атап кетті деген сұрақ қойылады. Сондай-ақ осы «әл-Муаллим әс-сәни – المعلم الثاني» (Екінші мұғалім) атауы қазақ тілінде «Екінші ұстаз» деп аталатындығы мысалдармен дәлелденеді. Сондықтан ең алдымен араб және қазақ тіліндегі «мұғалім», «ұстаз» сөздерінің  этимологиясына талдау жасала отырып, оны неліктен араб тілінде «әл-Муаллим әс-сәни – Екінші мұғалім» деп аталу себебі түсіндіріледі.

Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің «әл-Муаллим әс-сәни – المعلم الثاني» (Екінші мұғалім) аталуына қатысты айтылған екі түрлі көзқарас талдауға түседі. Олардың әрқайсысы жазба деректерді жинау, саралау, тарихи салыстыру әдістерін қолдану арқылы дәйектеледі.

Түйін сөздер: Әл-Фараби, әл-Муаллим әс-сәни, аударма, жазба деректер, қолжазба, трактат.