ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫНДАҒЫ ҒАЛЫМНЫҢ БЕЙНЕСІ

Том 86 № 2 (2024), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Аңдатпа

Бұл мақалада «Ғалым қандай болуы керек?» сұрағы қарастырылды. Қазақ этикалық ойы ғалым бейнесінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Әл-Фарабидің «адамгершілік пен ақыл күшінің» бірлігі, Абайдың көзқарасы бойынша интеллекттің жүрекке бағынуы, Әлихан Бөкейхановтың «жоғары адамгершілігі», Шәкәрім Құдайбердиевтің ар-ождан ғылымы ғалымның адамгершілік (ізгілік) бейнесін қалыптастырады. Абайдың «толық адам» тұжырымдамасы ғалым тұлғасының қалыптасуының этикалық негізін құрайтын Алаш қозғалысының қайраткерлері мен олардың ізбасары Қаныш Сәтбаевтан көрінеді.

Түйін сөздер: ғалым, ғылым, ағарту, ар-ождан, адамгершілік, білім.