ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАТИКАСЫ (1994-2019 ЖЖ.)

Том 85 № 1 (2024), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Аңдатпа

. Қазақстандаөткен  ғасырдың 90-жылдарының ортасында және қазіргі (1994-2019 жж.) алғашқы екі онжылдығында қорғалған философия бойынша диссертацияларды талдауға арналған мақаланың мақсаты, біріншіден, философиялық білім саласындағы диссертациялық зерттеулерді (философия тарихы, дін философиясы, философиялық антропология, әлеуметтік философия, антология және таным теориясы), тақырыптық бағыттағы және сондай-ақ бірқатар әлеуметтік көрсеткіштер (гендерлік, тілдік) бойынша зертеулерді жүйелеу; екіншіден, қазіргі заманғы отандық философиялық білім саласындағы философиялық ізденіс векторының бағыттылуы,  атап айтқанда, талданатын кезеңдегі Қазақстанның философия ғылымының даму ерекшеліктерімен байланысты, сыртқы параметрлер ретінде алынған статистикалық деректер ішкі сипаттағы бірқатар үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Мақалада философия ғылымдарының кандидаты және докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертациялар бойынша Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының сайтында жарияланған деректер, және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының (Астана қ.) деректерінен алынған материалдар пайдаланылды.

Алынған нәтижелер отандық философ-ғалымдардың мүдделері онтологиялық, аксиологиялық мәселелерден қолданбалы және пәнаралық сипаттағы мәселелерге өзгерді деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Түйін сөздер: философия, Қазақстанның қазіргі философиясы, өзекті философиялық зерттеулер, диссертациялық зерттеулер, диссертациялар.