ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ

МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Том 85 № 1 (2024), ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада әл-Фараби мен әл-Ғазалидің философиялық көзқарастарындағы адамның іс-әрекеттілігінің қоғамдық мазмұны, тұлғаның кемелділігі, ислам дінінің этикалық құндылықтары негізіндегі адамның рухани дүниетанымы, уақытты бағалауы берілді. Ғылымда шөккен, өзектілігін жоғалтқан интеллигенция түсінігі бар. Адамның өз болмысын тануындағы әл-Фараби ұсынған ақыл іс-әрекеттілігі, білім арқылы ақиқатты тануы, әл-Ғазалидің Жаратушы сырын мистикалық тану әдістері арқылы өз өзінің және қоршаған әлемнің ақиқатын тануы қарастырылды. Мақаланың мазмұнын ақылдың іс-әрекеттілігі және ойлау формалары, адамның діни антропологиялық сипаттары, қоғамның түрлері және оны басқарудағы қажеттіліктер, діни контекст және іскерлік мәдениет ұғымдары құрады.Ойшылдардың шығармашылығындағы тұлға кемелділігін анықтаудың  әдістеріне назар аударылды. Атап айтқанда,әл-Фарабидің қайырымды қалаөнер, кемел басшы концепциясы, әл-Ғазали ұсынған қоғамды басқаруға тән қажеттіліктер, хәкім Абайдың толық адам концепциясы салыстырмалы талдаулар арқылыберілді.             

Түйін сөздер: философия тарихы, фәлсафадағы адамның ойлау іс-әрекеттілігі, білім, өнер, діни антропология, әл-Фараби, әл-Ғазали, үйлесімділік, әлеуметтік-этикалық құндылықтар.