ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ

ЗАРАТУШТРАНЫҢ ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕГІ ОРНЫ

Том 79 № 3 (2022), ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ
Том 79 № 3 (2022)
2022-09-30

Аңдатпа

Мақалада зороастризм дінінің негізін қалаушы, Пайғамбар Заратуштраның тұлғалық болмысы мен ол туралы ғалымдардың көзқарастары
сараланады. Зерттеу мақсаты адамзаттың тарихында терең ойлаудың, даналықтың ең
көне үлгісінің бір көрінісі болған, Заратуштраның адамзат мәдениетіндегі орны мен оның адамзат рухани құндылықтарының дамуына, әлемдік діндердің қалыптасуына тигізген әсерін айшықтау. Заратуштраның ілімдері ежелгі көшпелілер өркениеті рухани құндылықтары негізінде қалыптасып, дала даналығы інжу маржандарының бір көрінісі болған.
Заратуштра әлеуметтік-мәдени ортаны қайта қалпына келтіріп, қоғамды жаңа құндылықтармен жаңғыртып, кемелдендіру мақсатымен өзінің ілімдерін таратуға тырысқан, алайда оның ілімдері көшпелі қоғамнан қолдау таппай, ол
басқа кеңістіктерге кетуге мәжбүр болды. Кейін оның ілімдері Ауғанстан, Иран т.б. елдер арқылы бүкіл әлемге таралды. Заратуштраның  әнұрандары көне дала көшпелі қоғамындағы ежелгі аңыздар, эпостық-жырлар негізінде қалыптасып дамыды, бұны «Авестаның» ескі жазбалары, «Гаттардан» байқауға болады. Заратуштраның рухани құндылықтары әлемдік мәдениетті даланың даналық әуендерімен байытып, оның әнұрандарындағы даналық ежелгі грек т.б. ойшылдардың дүниетанымына, әлемдік мәдениеттің дамуына терең ықпал етті. Заратуштра даналығы Ф. Ницше т.б. еңбектерінде терең айшықталады.
Қайта жаңғыру басталған қазіргі кезде қазақ халқының рухани құндылықтарын айшықты танып білу еліміздің келешек даму жолын анықтауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: қоғам, сабақтастық, руханилық, құндылық, ерекшелік, дәуір, даналық.

Библиографические ссылки

Әдебиеттер тізімі

Күмісбаев Ө. Шығыс Шайырлары Алматы:«Дәуір» 2015. -312б. б.7-20.

Алшанов Р. Тайны двадцати тысячелетий: поиски и открытия Алматы: «Универститет Туран» 2021. -548с. С.422-453

Оспанов С.И.Зороастризмнің идеялық негіздері және ұлттық рухани-мәдени бастаулар//Қоғам және дәуір, №2,2008. 107-114бб. заратуштра-Декарт-Юнг: тұйықталған шеңбер//-----

Шалекенов У. Арийлердің діни-наным сенімдері//Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (25), 2010 3-12бб.).

Дорошенко Е.А. Зороастрийцы В Иране (Историко-этнографический очерк) М: «Наука» 1982. -133с. С.8-17

Қадырбаев А.Ш.Арий Заратуштра – первый Пророк мировых религий// Иран-Наме, 2(26), 2013. с.120-125.

Бейсенбаев Ж. «Скиф-Анахарсис» пен Ұлы Пайғамбар, ғалым қызыр Ильяс(Заратуштра) //Ақиқат, №7, 2007. Б.43-48.

Орынбеков М.С. Генезис религиозности в Казахстане Алматы: «Дайк-Пресс» 2005. -240б. Б75-81.

Серікпаев Қ. Тайны тысячелетий А:«Signet Print»2010.-333б. Б7-8.

Жолдасбеков М. Ұлы дала әдебиеті.Астана: «Ғылым»2018.-416. Б364-368.

Брагинский «Авеста» Состав// Авеста в русских переводах. (1861-1996гг.) С-П. журнал «Нева», «Летний Сад», 1998. -477с. С.51-55.

Марғұлан Ә.Х. Шығармаларының толық жинағы, Т.,1. Алматы: «Алатау» 2007. -608б. 80-153.

Қозыбаев М.Қ. Қазақ тарихы – дала өркениетінің құрамды бөлігі//Егемен Қазақсатан, 3 шілде, 1998. б 6-7.

Заратуштра//Религия. Энциклопедия. Минск: «Книжный дом» 2007. -959с. С 313-316.

The zend-Avesta, part 1, The Vendidad, Translated by James Darmasteter, Oxford Universiti Press, 1880. -301р. Р 1-6.

Ницше Ф. Так оворил Заратустра. Алма-Ата: «Жазушы», 1991. -304с.

С 7-20.; Иоганн Рау, Г.Жұмабаева Фридрих Ницшенің философиясы мен өмірі туралы очерктер.Монография. Алматы, 2017. -192 б. Б 109-117.

Әуез М.М. Ділім. Алматы: «Жібек жолы» 2017. -456 б. Б98-101.

Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы.Алматы: «Ғылым» 1996. -168б. Б 22-25

Еңсеген Т. «Авеста» түркілерге ортақ мұра Алматы, 2011. -392 б. Б 40-50.

Оспанов С.И. Арғытектану негіздері.Алматы, 2009. -543 б. Б 10-15.