ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ: БИЛІК ЖӘНЕ ҚОҒАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Том 78 № 2 (2022), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Аңдатпа

Мақалада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың билік пен қоғам туралы көзқарастары баяндалған. Зерттеудің тарихи-философиялық әдісі арқылы қазақ ағартушысының этикалық мұрасының қалыптасуының тарихи алғышарттары көрсетілген. Абай Құнанбаев мұрасының оның көзқарастарына әсері көрсетілген, сол арқылы этикалық категориялардың сабақтастығы ашылады, олардың арасында өзін-өзі тану, намыс, білім, өзін-өзі ұйымдастыру, бостандық, әмбебапшылық, сабақтастық көрсетілді.

Әл-Фараби мен Абайдың, демек Сұлтанмахмұт Торайғыровтың да философиялық байланысы ерекше назар аударуға тұрарлық. Әл-Фараби ұсынған бақыт ұғымы Сұлтанмахмұттың публицистикасында да көрініс табады. Сол рухани байланыста мемлекет, билік институты сипатталады. Сұлтанмахмұт шығыс дәстүрін ұстанады, оған сәйкес мемлекет механизм емес, организм ретінде сипаттай келе, оның әр бөлігі өмірді жалғастыру үшін өте маңызды екенін көрсетеді. Ақын биліктің өтпелі мәні туралы айтады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың пікірінше, бақытқа жету үшін ар азығы басшылыққа алынған жағдайда, әлеуметтік қарым-қатынастың үлгілі (беткеұстар) моделін жүзеге асыру ықтималдылығы жоғарылайды.

Түйін сөздер: этика, ар, адамгершілік, билік, сабақтастық.