ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАСТАУЫНАН ПОСТМОДЕРНГЕ ДЕЙІН

АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ МӘДЕНИ КОДЫ

Том 77 № 1 (2022), ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАСТАУЫНАН ПОСТМОДЕРНГЕ ДЕЙІН
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада Абайдың философиялық мұрасы, оның этикалық ілімінде қазақ философиясы өзінің ең кемел кезеңіне жеткен. Ойшылдың өз туындыларында қазақтың ой-пікірлері мен ұмтылыстарын, олардың болмыс, адамгершілік, этика туралы ұғымдарын өрнектей білгендігі атап көрсетіледі. Қазақ философының бүкіл шығармашылығы толық, әмбебап, үйлесімді және адамгершілікті тұлға туралы терең ойларға қанық және оның басты мақсаты адамдарды жақсылық пен жамандықтың шынайы мәні Адам болу үшін не істеу керек, нені істемеу керектігіне үйрету. Адамның жан дүниесін, қазақ халқының жан дүниесін, демек, ұлттық болмысын қалыптастыратын философ-ақындардың бірі – Абай. Ол қазақ дүниесінің қайталанбас бейнесін, яғни олардың мәдени кодын ашуға тырысады. Абайдың адамгершілік кемелдену, ізгілік, мейірімділік, әділдік және төзімділік идеяларымен сусындаған философиялық көзқарастары қазақтың ұлттық дүниетанымының негізі болып табылатын қазақтың мәдени кодын құрайды.

Түйін сөздер: философия, қазақтар, мұра, Абай, мәдени код, адам, идея, ізгілік, болмыс.