ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

AN ANALYSIS OF SALVATION FROM THE PERSPECTIVE OF CHRISTIANITY AND ISLAM

Том 76 № 4 (2021), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада ислам мен христиандағы құтқарылу түсінігі салыстырмалы түрде қарастырылады. Мақаланың әдіснамасы – ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсете отырып, исламда да, христиан дінінде де құтқарылу тұжырымдамасына салыстырмалы талдау жасау. Бұл мақалада Құран мен Інжілдің үзінділері негізгі дереккөздер ретінде пайдаланылады, ал ғылыми мақалалар екінші дереккөздер ретінде толықтырылады. Бірінші бөлімде күнә, тәубе және кешірім тұрғысынан ислам мен христиан діндеріндегі құтқарылу терминологиясы қарастырылады. Өйткені христиан дінінде де, исламда да күнәнің салдарынан құтқарылу деген сөз және екі дінде де бұған адамның тәубасы және Құдайдың кешірімі сияқты сенім орын алған. Мақаланың екінші бөлімінде мұсылмандар мен христиандардың Исаға байланысы құтқарылуға қатысты көзқарастар талданды. Өйткені, Исаның өлімі мен қайта тірілуі арқылы мәсіхшілер тарапынан құтқарылу орындалды деп санайды. Мақаланың соңғы бөлімінде Құдайдың христиандық ілімі мен исламдағы Құдай тұжырымдамасын құтқару тақырыбына байланыстыра отырып, салыстырмалы талдау жасалынады. Бұл салыстырмалы талдау екі аврамдық сенімнің ұқсастығын анықтау тұрғысынан маңызды болады, әрі осындай ұқсастықтар, христиандар мен мұсылмандар арасындағы сыйластық пен бейбіт өмір сүру үшін негіз ретінде пайдалануға ұсынылады.

Түйін сөздер: Құтқарылу, ислам, христиандық, Құран, Інжіл, Құдай, Алла, Иса.