РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЛОГИКА ІЛІМІ

Том 74 № 2 (2021), РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ
Том 74 № 2 (2021)
2021-06-25

Авторлар

Аңдатпа

Қарқынды дамып келе жатқан білімнің қазіргі жағдайында дұрыс ойлауға деген қажеттілік өзекті мәселе болып қала береді. Өкінішке орай, логика курсы мен оның тарихы көптеген мамандықтарды дайындауға арналған оқу бағдарламасынан алынып тасталды. Логика ғылымын, оның заңдары мен әдіс-тәсілдерін білу тек гуманитарлық ғылымдардың ғана емес, сонымен қатар техникалық, жаратылыстану-математикалық мамандықтар өкілдерінің практикалық және теориялық жұмыстарында аса қажет екендігі күмән туғызбайды.

Бұл мақалада авторлардың идеясы қалыптасқан олқылықтың орнын толтырып, компаративистикалық тәсілді қолдана отырып, мәдениет тарихы мен философия тарихы форматында логиканың тарихы мен қалыптасуын талдауды ұсынуға бағытталған. Логика ғылымының тарихында ортағасырларда өзінің ерекше идеяларымен көптеген ғылымдар саласында жарқын, өшпес із қалдырған әл-Фарабидің логикасы маңызды орынды алады. Мақалада ойлау мәдениетін қалыптастыруға ықпал еткен, логика ғылымының дамуына қосқан әл-Фарабидің үлесі талданып, келесі тұжырымдар жасалады:

Біріншіден, әл-Фараби формальді логиканы тіл ғылымымен тығыз байланыстырады. Алайда, ол ойлау мен тілді толық теңестірмейді, тілдің этникалық екенін, ал ойлаудың жалпыға бірдей екенін ескертеді.

Екіншіден, Екінші Ұстаз диалектиканы формальді логикаға жатқызып, одан адамдар арасындағы ынтымақтастық формасы мен құралын көреді.  

Түйінсөздер:Әл-Фараби, логика, философия, ойлау, диалектика, софистика.