ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

ФОРМИРОВАНИЕ РЕЛИГИОЗНОЙ ТОЛЕРАНТНОСТИ И ИНТОЛЕРАНТНОСТИ В КОНТЕКСТЕ ЗАПАДНОЙ СРЕДНЕВЕКОВОЙ КУЛЬТУРЫ

Том 73 № 1 (2021), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 73 № 1 (2021)
2021-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Ортағасырлық мәдениет аясындағы діни толеранттылықты қалыптастыру мәселесін зерттеудің өзектілігі өткен тарихи кезеңдердегі халықтардың мәдениеті мен өміріндегі діннің алатын орны мен рөлін анықтау үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар діни төзімділік пен төзбеушіліктің қалыптасуы мен дамуының мәнін анықтау болып табылады. Ортағасырлық мәдениеттегі діни төзімділік идеясының қалыптасуы нақты тарихи әлеуметтік-мәдени, сонымен қатар діни себептерге байланысты. Толеранттылық идеясының қалыптастыруында ежелгі антикалық философиялық көзқарас маңызды рөл атқарды. Бұл мақалада авторлар ортағасырлық мәдениет аясындағы діни төзімділік пен төзбеушіліктің қалыптасуын философиялық концепцияларды салыстыру негізінде талдау жасап көрсетеді. Авторлар сонымен бірге осы идеяны қалыптастырудың философиялық және діни негіздерін Батыс Еуропалық ортағасырлық мәдениетінің бірқатар аспектілері қалалардың, сауданың, қаржы элементтерінің пайда болуы және олардың крест жорықтарын ұйымдастыруға әсері тұрғысынан қарастыруға тырысты. Мақаланың авторлары діни төзімділік идеясы объективті әлеуметтік-мәдени негіздермен алға қойылған, бұл ортағасырлық батыс мәдениеті аясында діни төзімділік пен төзбеушіліктің кейбір аспектілерін анықтауға мүмкіндік беретін философиялық және ілімдер арасындағы байланысты ашуға тырысты.

Түйін сөздер: діни төзімділік, төзбеушілік, ортағасырлық мәдениет, антика, апологетика, крест жорықтары, ортағасырлық қалалар, мәдениетаралық, діни коммуникация.