ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

ФИЛОСОФИЯ ЧЕЛОВЕКА В НАСЛЕДИИ АЛЬ-ФАРАБИ

Том 73 № 1 (2021), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 73 № 1 (2021)
2021-07-01

Аңдатпа

Мақалада Әбу Наср әл-Фарабидің адам философиясы қарас- тырылады және әл-Фарабидің философиялық жүйесі адамның әлемдегі ұлы бо¬рышы туралы тұтас білім екендігі көрсетілген. Мақалада әл-Фарабидің тәуелсіз ерік-жігер мен таңдау мүмкіндігі бар адам – Әлемді Жаратушының таңғажайып үндестігіне негізделген дүниетанымдық құрылымның орталығы және ғаламның трансформаторы екендігі туралы ұстанымын баса айтылған.

Автор әл-Фарабидің мол мұрасын игеру қиындығына қарамастан, күнделікті өмірде және тәжірибеде «өзімізді» және өз мүмкіндігіміздің шегін тану үшіноның ілімдерінінің кейбір аспектілерін қолдануға болады деп санайды. Адамның күнделікті өмірінде әл-Фараби іліміндегі «шебер техника көмегімен жақсы мінезге ие болу»; «өлшем туралы» немесе «алтын орта»; және нақты нәтижелер беретін – «білім мен әрекет» сияқты идеяларды нұсқаулық ретінде қолдануға болады. Мақалада әл-Фарабидің бақыт туралы тезисін негіздейді: адам өзінің ең жоғары борышы – бақытқа жету үшін адам тек білім жинап қана қоймай, соны­мен бірге алған білімін әрекетпен ұштастыра отырып, осыған сійкес өзінің білімі мен әлеуетті қабілеттерін шындықта жүзеге асыру және өзін жетілдіруі қажет.

Түйін сөздер: әл-Фараби мұрасы, адам философиясы, бақытқа жету, «шебер әдіс», «жақсы мінез», «алтын орта», «білім мен әрекет».