ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

НАРАЗЫЛЫҚТАР: ШЕТЕЛДІК ЖАРИЯЛАНЫМДАРҒА ШОЛУ

Том 73 № 1 (2021), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 73 № 1 (2021)
2021-03-25

Аңдатпа

 Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде қоғам мүшелерінің әр түрлі наразылық көңіл-күйлері байқалуда. Сондықтан наразылық құбылысының теориялық негіздерін, оның тетіктерін, қоғамға әсер ететін алғышарттары мен факторларын айқындау маңызды деп ойлаймыз. Берілген мақалада наразылықтар бойынша шетелдік жарияланымдарға шолу жасалып, мәселенің мәні мен негізгі түсініктері талданады. Ол үшін берілген ұғымның негізгі тұжырымдамалары тал­данды. Наразылықтың дефинициясы және саяси наразылық, табиғи ресурстар төңірегіндегі наразылықтар және наразылықтарды зерттеудегі өзге де аспектілер секілді мәселелер бойынша жарияланған зерттеулерге назар аудардық. Теориялық шолу арқылы шетелдік авторлардың наразылықтар бойынша ойлары жинақталды, тұжырымдамалар арасындағы өзара байланыстар анықталды және шетелдік әріптестердің деректері жүйеленді. Ғылымда тек отандық зерттеулер нәтижелерін ғана емес, шетелдік авторлардың эмпирикалық зерттеулерінің нәтижелерін ескеру қажеттілігі дәйектелді. Бұл жұмыстардың мәселе аясындағы ғалымдар арасындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын негіздейді.

Түйін сөздер: наразылық, саяси наразылық, табиғи ресурстар, қауіпсіздік, де­монстрациялар.