ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЭТИКАСОФИЯ

Том 73 № 1 (2021), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 73 № 1 (2021)
2021-07-01

Аңдатпа

Мақаланың  мақсаты  әл-Фарабидің  рухани  мұрасындағы әлеуметтік- этикалық ілімі және оның антропологиялық этикасофиясының танымдық-тағылымдық астарын ашып, қазіргі кездегі әлеуметтік кеңістіктегі моральдық  сипатына  тоқталып,  қоғам  үшін  маңыздылығын  ашу.  Әл-Фарабидің философиялық мұраларында ұлттық кодымыздың бірегей рухани негіздері жатқанына және ол ғылыми танымның негізі ретінде зор рөл атқаратынына зер салып, мақалада Фараби іліміндегі «бақыт» концепциясында адам мінезінің антропоцентристік сипаты қарастырылады. Осы  тұрғыдан  алғанда  мақаланың  міндетіне:  1)  қазақ  топырағынан шыққан  Шығыс  ғұламасының  еңбектеріндегі  әлеуметтік  кеңістіктің  адами  болмысын  ашу;  2)  жалпы  адамзаттың  антропоцентристік  табиғатын айқындау; 3) қоғамның өзгеруі адам мінезінің өзгеруіне тәуелді болуының этикагендік тамырын анықтау; 4) олардың мұсылмандық интеллектуалдық мәдениеттегі  әмбебап  мәнін  ашу  және  осылардың  терең  рухани  әлеуетін ашып көрсетуді жатқызуға болады. Мақалада қоғамдағы моральдық уақыт пен моральдық кеңістікті Шығыс ойшылының ілімі арқылы талдауға қадам жасалды. Осыған байланысты мәселенің бүгіні мен келешегіне көз жүгіртуге мүмкіндік туады, оның маңыздылығы арта түседі, оны одан әрі зерттеуге жол ашылады.

Түйін  сөздер: адам,  мінез,  мораль,  моральдық  кеңістік,  әлеуметтік қатынас, антропоцентристік құбылыс, этикасофия.