ДІНТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

САЯСИ ИСЛАМ ФЕНОМЕНІ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛАУ ЖӘНЕ МӘНМӘТІНДЕЛУ МӘСЕЛЕСІ

Том 86 № 2 (2024), ДІНТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Авторлар

  • Лаура Тоқтарбекова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Шығыстану және африкатану мектебі Лондон Университеті https://orcid.org/0000-0003-4063-8255
  • Наталья Сейтахметова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты https://orcid.org/0000-0001-6297-7317

Аңдатпа

Исламды саясиландыру, оның саяси билікке және саяси ландшафтқа әсер ететін саяси құрамдас контекстінде таңбалануы әртүрлі, соның ішінде идеологиялық тұрғыдан да түсіндірілетін «саяси ислам» түсінігінің пайда болуына ықпал етті. Саяси ислам ислами бірегейлік, ислам құқығы және ислам мәдени парадигмасы мәселелерін қамтитын ең танымал ислам тақырыптарының біріне айналуда. Мақала авторлары тұжырымдаманың өзінің де, ұсынылған дискурстардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтай отырып, шетелдік және отандық дискурстарда ұсынылған бұл тұжырымдаманың көп өлшемділігін ашады. Саяси ислам исламды саясиландырумен байланысты құбылыс ретінде ғана емес, сонымен бірге зерттеу қажеттілігі әлеуметтік-мәдени және діни процестермен байланысты ғылыми тұжырымдама ретінде де зерттеуді талап етеді.

Түйін сөздер: саяси ислам, исламизм, дін, ұғым, ислам термині, исламның жаңғыруы.