ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

КҮНДЕЛІКТІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЗЕРТТЕУЛЕР (CULTURAL STUDIES)

Том 86 № 2 (2024), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Авторлар

Аңдатпа

Мәдени зерттеулер мен мәдени антропологиядағы аз зерттелген және сонымен бірге қазіргі уақытта негізгі мәселелердің бірі - күнделікті мәдениет тақырыбы. Ғылымның дамуы барысында күнделікті мәдениетті тарихта, саясатта, техникалық өркендеу де өз бойларына сіңіре алмады. Күнделікті мәдениет барған сайын өз алдына күрделі мәселеге айналуы зерттеу жұмысының негізгі бағыты болып табылады. Күнделікті мәдениет феномені ретінде адамның әлеуметтік-мәдени өміріндегі танымдық құндылықты негіздейтін теориялық мәселе болып ұсынылды.

Cultural study үшін ұзақ жылдар бойы әлеуметтік-мәдени нысандарда өмірдің тұрақты белгілерін түсіну мәселесі өзекті болып келеді. Сондықтан сultural study үшін маңызды әдіснамалық ұстаным әлеуметтік өмірді дамыту аналитикасы жүзеге асырылатын әдіснамалық бағдарларды негіздеу болды.

Cultural study қызығушылығының негізгі сипаты стандартты дамушы жүйелерді талдауды қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың заңдылықтары мен себеп салдарларын анықтауға мүмкіндік береді. Күнделікті мәдениетте көрінетін объектілердің негізгі белгілері олардың материалдық тұрақтылығы және физикалық материалдылағы деп танылды. Күнделікті өмірдің терең мағыналарын түсіну мақалының негізгі зерттеу тәжірибесінің нысанын білдіреді. Мақалада авторлар күнделікті өмірді түсінудің мәні ретінде ол адамның күнделікті іс-әрекетін тек әлеуметтік жағдайы ғана емес, сонымен бірге оның ішінде жұмыс істейтін мәдени жағдайларда қалыптастыратынына назар аударды.

Зертеу жұмысы барысында жеке адамның күнделікті мәдениетіндегі іс-әрекеті мен тәртібіне назар аударып, күнделікті мәдениеттің бір бөлігіне айналған әрекеттерді қарастыруы күнделікті мәдениеттің басты практикалық маңызы болып табылады.

Демек, зерттеу тәсілі барысында құрылымдық әдіс қолданылды. Күнделікті мәдениеттің заманауи тәжірибесі бойынша cultural study материалдары пайдаланылды.

Түйін сөздер: күнделікті мәдениет, мәдениет, тіршілік, өмір, мәдени зерттеулер.