ДІНТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ САНАҒА ЫҚПАЛЫ

Том 86 № 2 (2024), ДІНТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Авторлар

Аңдатпа

Назарларыңызға ұсынылып отырған мақалада қоғамдық сананы қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы қарастырылған.  XXI ғасыр – ақпараттық технологиялар ғасыры. Дүниежүзі халқының 80 пайызы ғаламтор желісінің белсенді пайдаланушылары. Бұқаралық ақпарат құралдары – адамдардың діни санасына сырттан әсер ететін ең қуатты, деструктивті күштердің бірі. Шындығында, қоғамдық сана өзінің ой өрісінің деңгейіне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты екені сөзсіз. Ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы, жеке сананың ұжымдық күші халықтың діни бұқаралық санасын қалыптастырады. Бұқаралық діни сананың өзгеруі мен дамуы ғылыми техниканың қарқынды дамуымен тікелей байланысты.

Түйін сөздер: БАҚ, діни сана, бұқаралық сана, ғаламтор ресурстары, қалыптасу.