PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – ИДЕЯЛАР ӨЗГЕРІСІ

Нөмір 87 № 3 (2024), ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Нөмір 87 № 3 (2024)
2024-09-29

Авторлар

Аңдатпа

Аңдатпа. Жалпы философия ғылымында «мәдениет философиясы» мен «философиялық мәдениетті» шатастыру, оларды синоним деп есептеу жағдаяттары тіпті философтардың арасында да кездесіп тұрады. Мәдениет философиясы философияның арнайы бір бөлімі ретінде «философиялық мәдениетке» қарағанда көпшілікке жақсырақ таныс, алайда екеуінің қызметтік-құрылымдық сапасы бір-бірінен ерекшеленеді. Зиялы қауым назарына ұсынылып отырған бұл мақалада философиялық мәдениеттің зерттеу нысаны ғалымдар зерттеулерімен барынша айқындалады және мәдени өзгерістер теориясымен шендесе тарқатылады.