PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫ ЖӘНЕ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ҚАРСАҢЫНДА

ИАСАУИ МЕН ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАР

Нөмір 72 № 4 (2020), РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫ ЖӘНЕ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ҚАРСАҢЫНДА
Нөмір 72 № 4 (2020)
2023-03-03

Аңдатпа

Автор мақалада әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауидің адам мәселесі, яғни адам туралы ілімдерінің мәнін танытуы туралы ойын ортаға салған. Дәстүрлі түркілік дүниетаным және ислам өркениеті негізінде сусындаған екі ойшылдың бірі, Әл-Фараби – философия, екіншісі, Ясауи – хикмет арқылы адам мәселесі туралы ой толғаған ойшылдар. Фараби мен Иасауи іліміндегі адам туралы түсініктер бүгінгі қоғам үшін теориялық әрі практикалық жаңаша ойлауымызға, санадағы серпілістің жаңғыруына ықпал ететін қордалы ойдың көзі. Осынау бабалар мұрасының ұлттық дүниетанымдық арнамызды қалпына келтірудегі, қалыптастырудағы маңызы, мәні, орны  жаңаша, жан-жақты ғылыми зерделеуді қажет етеді. Фараби мен Иасауи ілімін танымдық тұрғыдан қараған автор екеуінде айырмашылықтарға қарағанда ұқсастықтар басым екендігін айтады. Мақалада Ясауи мен Фараби мұраларындағы антропологиялық тұжырымдарға салыстырмалы түрде ғылыми талдау жасалған.

       Түйін сөздер: философия, Иасауи, әл-Фараби, адам туралы ілім, антропологиялық тұжырым,