DOI:
Мақалада қазіргі заманғы цифрлық ортада жастардың идеологиялық көзқарасының қалыптасуына алгоритмдік ұсыным жүйелерінің ықпалы қарастырылады. Әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалардың ақпаратты дербес ұсыну арқылы жасөспірімдердің дүниетанымына, құндылық бағдарларына және қоғамдық-саяси көзқарастарына қалай әсер ететініне ерекше назар аударылған. Ұқсас мазмұндағы контенттің үнемі қайталануы пікір алуандығын шектеп, тұрақты ақпараттық қағидаттардың қалыптасуына ықпал етуі мүмкін екендігі атап өтіледі. Еңбекте цифрлық технологиялардың әсерінен өмірдің тәжірибелік жақтары ғана емес, сонымен бірге адамның қоғamды, моральды, мәдениетті және әлеуметтік болмыстағы өз орнын қабылдайтын дүниетанымдық ұстанымдарының да өзгеретініне баса назар аударылған. Осыған байланысты жасанды интеллектіні пайдалану және оның адаммен өзара әрекеттесуінің этикалық негізделген стратегиясын қалыптастырудағы рөлі айтылады. Сондай-ақ жұмыста идеологиялық оқшауланудың күшею, ақпаратты сыни қабылдаудың төмендеу және жастардың цифрлық дереккөздерге тәуелді болу қауіптері талданады. Медиасауаттылықты және ақпарат ағынының мазмұнын өз бетінше бағалау қабілетін дамыту қажеттілігіне баса назар аударылады. Ұсынымдық алгоритмдер жастар санасына ықпал ететін маңызды факторға айналып келе жатқандығы және одан әрі ғылыми зерттеуді қажет ететіндігі туралы қорытынды жасалған.
Түйін сөздер: жастар, идеология, алгоритмдер, цифрландыру, әлеуметтену, медиа, ықпал, платформалар