DOI:
Мақалада мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл аясында консолидацияланған бірегейлік тұжырымдамасын зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері талданады. Осы негізде, тәуелсіз даму кезеңінде Қазақстандағы әлеуметтік консолидацияның қалыптасу тарихы мен ерекшелігі туралы қысқаша тұжырымдамалық шолу ұсынылған, сонымен қатар, трансформацияланатын қазақстандық қоғамда консолидацияланған бірегейлік моделін әзірлеудің шарттары (алғышарттары), негізгі қатысушылары, қолжетімді мүмкіндіктері және тетіктері анықталған. Әдебиеттердегі консолидацияланған бірегейлікпен байланысты теориялық және қолданбалы зерттеулер бұл құбылысты зерттеуге бірқатар тәсілдердің бар екенін көрсетеді. Мақала тақырыбы аясында консолидацияланған бірегейлік бір жағынан билік қалыптастырған икемді әлеуметтік құрылым ретінде, ал екінші жағынан — елдің таңдап алған даму бағытын қолдау мақсатында қоғамды жұмылдыру үшін билік пайдаланатын ресурс (құрал) ретінде қарастырылады. Осы тәсілдерге сүйене отырып, осы мақалада консолидацияланған бірегейлік тұжырымдамасының анықтамасы мен талдауы билік пен қоғамның өзара әрекеттесуі аясында жүргізіледі. Осы тұрғыда консолидацияланған бірегейлік саясатының ұғымы әртүрлі топтар арасындағы бәсекелес саяси күрес тұрғысынан емес, керісінше, мемлекеттік биліктің азаматтық қоғам субъектілерімен бірлесіп қоғамға қатысты жүргізетін саясатының бір түрі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты, Қазақстанда консолидацияланған бірегейлік моделін дамыту перспективаларын айқындау кезінде елдің азаматтық бірегейлік саласында жинақталған әлеуетін пайдалану орынды деген қорытынды жасалады. Бұл азаматтық қоғам институттарына елдегі консолидацияланған бірегейлік саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың толыққанды серіктестері ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: азаматтық бірегейлік, консолидацияланған бірегейлік, консолидацияланған бірегейлік саясаты, мемлекеттік билік, азаматтық қоғам институттары.