DOI:
Түркі халықтарының мәдениеті ежелгі дәуірден бастап тарихтың әртүрлі кезеңдерінде ұстанған діннің әсерінен дамыды. Орталық Азия өзінің географиялық орналасуына байланысты әртүрлі діндердің: тенрианизм, манихейлік, зороастризм, несториандық христиандық, буддизм және исламның өзара енуі орын алған аймаққа айналды. Ежелгі уақытта түркі мәдениетіне діни сенімнің әсерін зерттеу кезінде С. Е. Малов шығарған руникалық ескерткіштердің басылымдары қолданыллы. Орталық Азиядағы түркі халықтарының мәдениетіндегі трансформациялық процестерді зерттеу үшін мұсылман кезеңінің дереккөзі – Махмұд Қашғаридің «Диван лұғат ат-түрік» энциклопедиялық еңбегі тартылды. Ежелгі және ерте орта ғасырлардағы зерттелген жазбалар мақала авторына діннің түркі халықтарының дүниетанымына әсерін, тарихтың әртүрлі дәуірлеріндегі дүниетаным және мәдениетінтегі қабаттасуы мәселелерін айқындауға мүмкіндік берді. Исламға дейінгі кезеңнің дәстүрлі мәдениетінің элементтері із-түзсіз жоғалып кетпегені, бірақ жаңалықтарға архетиптер қабаттасқаны анықталды. Ортақ тамырлар, дін түркі әлемінің әрбір өкілінің мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін қоса алғанда, мәдениеттің біртұтас бағытта дамуына ықпал етті. Зерттелетін ауқымдағы түркі халықтарын тек шығу тегінің ортақ тамыры ғана емес, сонымен бірге үстем дін де біріктіреді деген қорытынды жасалады.
Түйін сөздер: жазбаша дереккөздер, түркі халықтары, мәдениет, дін, трансформациялық процестер, Шығыс Түркістан, Орталық Азия.