PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Нөмір 24 № 2(94) (2026), ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Нөмір 24 № 2(94) (2026)
2026-06-30

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада мәдениет пен философиядағы құндылықтардың тарихи даму барысында қалай өзгергені және осы өзгерістердің ерекшеліктері зерттеледі. Қоғамдағы әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістердің мәдени және философиялық құндылықтар жүйесіне қалай әсер ететіні қарастырылады. Сонымен қатар, жаһандану, ғылыми-техникалық прогресс және ақпараттық қоғам жағдайында мәдени-философиялық құндылықтардың жаңа мазмұнға ие болуы талданады. Мақаланың басты мақсаты – мәдени және философиялық құндылықтардың үнемі өзгеріп отыратын сипатын зерттеп, олардың қазіргі қоғамдағы маңызын анықтау. Мақалада қазіргі қоғамның дамуы барысындағы жастардың құндылықтық бағдарларының динамикалық өзгерістері қарастырылған. Жастар, яғни Зумерлер (Gen Z) мен миллениалдар (Gen Y) арасындағы құндылықтық бағдарларындағы елеулі айырмашылықтар мақаланың өзектілігін құрайды. Жастар – әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші, болашақтың иесі болғандықтан, олардың қандай құндылықтарды басшылыққа алатынын зерттеу қоғам үшін аса маңызды. 

Құндылықтық бағдарлар дегеніміз – жеке тұлғаның өмірлік мақсаттарын, мінез-құлқын, дүниетанымын айқындайтын ішкі ұстанымдар жүйесі. Жастардың құндылықтары әлеуметтік-экономикалық жағдайға, отбасы тәрбиесіне, білім беру жүйесіне, мәдениет пен ақпараттық кеңістікке тәуелді түрде қалыптасады. Мақалада қазіргі жастардың құндылықтық бағдарларының қалыптасу ерекшеліктері ғылыми философиялық тұрғыдан дереккөздерге және әлеуметтанулық нақты зерттеулерге сүйене отырып, зерттелген. Зерттеу көрсеткендей, заман ағымына қарай әлеуметтік желілердегі белсенділік, тик-ток стрим, блогерлік айналысу кейде жастардың рухани бағдарын әлсіретіп, тұтынушылық көзқарастың басым болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан мақаланың мақсаты - жастарды сыни ойлауға, рухани-адамгершілік құндылықтарды бағалауға үйрету маңыздылығын дәріптеу.

Түйін сөздер: зумерлер, миллениалдар, блогерлік,ұлттық мәдениет, чайлдфри,  автономия, редфлаг, құндылықтар.