PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
ҒЫЛЫМНЫҢ МЕТАФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ҒЫЛЫМИ РЕАЛИЗМНІҢ МЕТАФИЗИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ: КЛАССИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР

Нөмір 24 № 1(93) (2026), ҒЫЛЫМНЫҢ МЕТАФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нөмір 24 № 1(93) (2026)
2026-03-30

Авторлар

  • Гүлжихан Нұрышева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Махаббат Танатарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аңдатпа

Бұл мақалада ғылыми реализмнің метафизикалық негіздері тарихи-философиялық тұрғыда қарастырылып, классикалық және қазіргі бағыттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданады. Ғылыми білімнің реалдыққа қатынасы, онтологиялық және эпистемологиялық алғышарттары ғылыми реализм шеңберінде ашып көрсетіледі. Авторлар классикалық ғылыми реализмнің қалыптасуына ықпал еткен негізгі ойшылдардың көзқарастарын талдай отырып, ХХ ғасырдағы жаңа ғылыми парадигмалар мен постпозитивистік дәстүрдегі көзқарастарды салыстырады. Мақалада қазіргі ғылыми зерттеулерде ғылыми реализмнің рөлі мен шекаралары анықталып, метафизикалық мәселелердің өзектілігі негізделеді. Зерттеу барысында классикалық ғылыми реализмнің негізін қалаған Декарт, Ньютон, және Кант сияқты ойшылдардың көзқарастары талданып, олардың реалдық, себептілік және объективтілік туралы түсініктері ашылады. Сонымен қатар, ХХ–ХХІ ғасырлардағы қазіргі ғылыми реализмнің бағыттары – құрылымдық реализм, прагматикалық реализм және эмпирикалық метафизика тұрғысынан талдау жүргізіледі. Мақаланың мақсаты – ғылыми білім мен реалдық арасындағы байланысқа метафизикалық тұрғыдан баға беру және реализм мен антиреализм арасындағы пікірталастағы негізгі ұстанымдарды айқындау. Зерттеу нәтижесінде ғылыми реализмнің метафизикалық алғышарттары ғылыми танымның тұрақтылығын қамтамасыз ететін онтологиялық негіз ретінде түсіндірілді.

Түйін сөздер: ғылыми реализм, метафизика, классикалық философия, қазіргі философия, реалдық